Білім • 11 Қазан, 2021

Мұғалімдердің жалақысы өсті

1008 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген екен Мағжан Жұмабаев. Бүгінгі жастың болашағы тікелей мұғалімнің берген біліміне, бағыт-бағдарына байланысты. Үлкен өмірге ата-ана қалай баулыса, мұғалімнің міндеті де дәл солай. Алайда мынау нарық заманында ұстаздың айлығы жұмысына сай болуы, мәртебесінің биік болуы керек. Осыны ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойған болатын. Сөйтіп мектеп мұғалімдерінің ғана емес, жоғары оқу орында сабақ беретін ұстаздардың да айлығы артты.

Мұғалімдердің жалақысы өсті

Кеше ғана көтерілген жа­ла­қы алған Шығыс Қазақстан тех­никалық университетінің про­фес­­сорлық-оқытушылық құ­ра­мы айлығының артқанына қуанып жүр. Мынау қым­батшылық заманда заң қабыл­да­ған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ерен еңбегімен ұстаз­дар­дың алғысын арқалап жүрген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мұғалімдер қа­уы­мы риза.
Естеріңізде болса, Қазақ­стан­да жаңа 2021-2022 оқу жы­лынан бастап Мемлекет бас­шы­сының қолдауымен Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарының штаттық қыз­меткерлеріне ең төменгі жалақыны белгілеу, сондай-ақ педагогикалық жүктемені азайту туралы бұйрық қабылдады. Соған орай аталған оқу орнында ғылыми-педагогикалық қыз­мет­керлердің жалақысы 1 қыр­кү­йектен бастап айтарлықтай жо­ға­рылады.
Техникалық университет ректоры Жасұлан Шаймардановтың мәліметі бойынша штаттағы оқы­ту­шының базалық жалақысы 200 мың теңгені, аға оқытушының жалақысы 230 мың теңгені, профессорлар қауымдастығының (доценттің) жалақысы 260 мың теңгені, профессордың жалақысы 350 мың теңгені құрады.
– Бір мөлшерлеменің максималды көлемі енді оқу жылы ішінде 550 сағаттан аспайды, яғни оқу жүктемесі төмендетілді. Өзгеріс профессорлық-оқы­ту­шы­лық құ­рамның ғылыми қызметпен айналысуына көбірек мүмкіндік беру мен уақытын қамтамасыз етуге арналған, – деп түсіндірді Жасұлан Шаймарданов.
Сонымен қатар ЖОО оқыту­шыл­ары үшін ынталандыру үс­те­мелері де қарастырылған. Осы­лайша, Хирша индексі бар (ғылыми жарияланымдар мас­сиві) – 3 және одан жоғары; білім беру бағдарламаларына жетекшілік ететін; БҒМ ұсынған оқулықтарды жария­лайтын; РОӘК ұсынған оқу-әдістемелік құралдарды шығарумен айналысатын педагогтер жалақыға үс­те­ме­­ақыны қоса алады. Қоса айта кетерлігі, оқы­ту­­шы­­лар жалақы бонус­та­рын студент­тердің пәндік олим­­­пиа­да­лардағы, спорттық жа­­рыс­тар­дағы, БҒМ ұсынған СҒЗЖ конкурстарындағы елеулі же­тіс­тіктері үшін, сон­дай-ақ кә­сіби бағыт бойынша ха­лықа­ра­лық деңгейде серти­фи­кат­талған курс­ты меңгергені үшін ала алады.
ЖОО оқытушыларында IELTS Academic, TOEFL IBT, TOEFL PBT, TOEIC халықаралық сер­ти­фикаттарының, Teaching Knowledge Test ағылшын тілі сер­ти­фикатының, Қазтест серти­фи­к­атының (Ана тілі емес) болуы қосымша төлемдер үшін негіз болып табылады.
Мысалы, «А» мұғалімінің IELTS сертификаты (KazTest) бар ең төменгі жалақысы 245 мың теңге, аға оқытушы «B» (ғы­лыми дәрежесі бар) Хирш индексі 3 және IELTS сертификаты (KazTest) болса, 338 мың теңге болады, Хирш индексі 5 және IELTS сертификаты (KazTest) бар «С» қауымдастырылған профессор (доцент) 378 мың теңгені құрайды, Хирш индексі 10 мен IELTS сертификаты бар «D» профессорынікі (KazTest) 540 мың теңгені құрайды.
– Ғылыммен айналысқан мұ­ғалім тұрмыстық мәсе­ле­лер­ге көп алаңдамауы керек. Ондай болса, жұмыстың сапасы кетеді. Белгілі бір нәти­же­ге қол жеткізу мүмкіндігі қиын­дайды. Сондықтан ЖОО оқыту­шы­ларының жалақысын индекс­теу өте маңызды әрі уақтылы жасалған қадам деп санаймын. Лайықты еңбек лайықты төлемге сай болғаны дұрыс, – дейді физика-математика факультеті ­де­ка­­нының орынбасары Гауһар Тәжібаева.