2021 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтіп, онда Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, жобаны іске асыру нәтижесінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту, сондай-ақ 7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыруға қол жеткізу қажет», делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство басшысы Үкімет мүшелеріне межеленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, ұлттық жоба болжайтын факторлар мен тетіктер туралы толық баяндап берді.
Мәселен, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін импортты алмастыру мәселелері кешенді түрде шешілетін болады. Министрлік құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма, қант және балық сияқты көп импортталатын позицияларды анықтады.
«Бүгінгі таңда осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар анықталып, іске асырылуда. Нәтижесінде 2024 жылға қарай аталған өнім түрлері бойынша қанттан басқа қамтамасыз етілу 100%-ды, ал қант 80%-ды құрайтын болады.
Ұлттық жобаның басымдығы ет, жемістер, көкөністер, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қоса алғанда, ірі инвестициялық жобалар айналасында 7 экожүйені қалыптастыру болады. Бұл қосылған құны жоғары түпкілікті қазақстандық өнім жасауға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын іске тартуға мүмкіндік береді.
Жалпы Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету, осылайша 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыру жоспарлануда», деді Ербол Қарашөкеев.
Еске сала кетейік, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық
Білім • Кеше
«Жасыл дәліздің» жақсылығы мол
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Абайдың философиялық көзқарасы
Абай • Кеше
Арзан бензин көршілерге кетіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Учаскелік инспектор халықтың көңілінен шыға ма?
Қоғам • Кеше
Ұлт ұстазы және Батпақты мектебі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Таным • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Фильмге арқау болған жанкешті ерлік
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Таным • Кеше
Сұхбат • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұлттық тәрбие – асыл қазынамыз
Қоғам • Кеше
Грант алуға өтінім қабылдау басталды
Бизнес • Кеше
Өнер • Кеше
«Астана» сапына француз футболшысы қосылды
Футбол • Кеше
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Кеше
Елордалық ҚХА өкілдері киелі орындарды аралады
Елорда • Кеше
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Кеше
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Кеше
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Кеше
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Кеше
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Кеше
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Кеше
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар