«Маған Сырдариядағы оқиға туралы хабар келген бетте бірден оқиға орнына жеттім. Мен мұндай трагедияны кинодан да көрген емеспін. Барлық жерді су басқан, балалар ағаштарға өрмелеп кеткен. Өкінішке қарай, Ұлттық ұланның кейбір қызметкерлері қаза тапты. Пандемия да бізді сынап көрді. Экономика бір жыл бойы тоқтап қалған жоқ. Бәрі жабық болды. Бірақ біз жалақы төлеуіміз керек еді, адамдар өмір сүруі керек еді», деді Шавкат Мирзиёев бір жыл ішінде өткен қиын кезеңдерді еске ала отырып.
Президент Өзбекстанда эпидемиология ғылымы дамымағанын баса айтты.
«Біз әлі де шетелдік мамандарды шақырамыз, біздің қызметкерлер олардың тәжірибесін үйренуі керек. Бұрын Өзбекстанда үлкен эпидемиология мектебі болған. Біздің ғалымдар аурулармен күрескен. Елді тек ғылым мен инновация ғана дамытады деп бекер айтпайды. Ал ғылымның бесігі - Бұхарада», деп қорытындылады Ш. Мирзиёев.