Арқа төсінің мәдени өмірі айрықша оқиғаның куәсі болды. Кеншілер астанасында белгілі театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығай атындағы республикалық театр фестивалі тұңғыш рет тұсауын кесті. Аталған өнер байқауын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар ішіндегі ең ірісі деп айтуға әбден болады.

Фестивальге қатысуға өтінім берген 40 театрдың ішінен ұйымдастыру комитеті 15 ұжымды іріктеп алған екен. Олардың ішінде «Құлагер» спектаклімен қатысқалы отырған Алматы қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, «Қыз Жібек» лиро-эпостық қойылымын ұсынған Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Қазақ мемлекеттік драма және комедия театры, «Мен ішпеген у бар ма?» спектаклін алып келген Жезқазған қаласының Серәлі Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры және басқа да өнер ұжымдары бар.
Өнер байқауының салтанатты ашылу кешінде Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры венгр драматургі Ласло Дюрконың пьесасы бойынша қойылған «Электра» антикалық трагедиясының заманауи нұсқасын қазылар алқасы мен көрермендер назарына ұсынды.
Фестиваль қонағы, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов байқауда бақ сынап жатқан өнер ұжымдары репертуарларының алуан түрлі екенін айтады.
– Мұнда классикадан бастап қазіргі заманғы драмаларға дейін бар. Осы спектакльдердің ерекшелігі ретінде оларды жас режиссерлердің қоюы деп сенімді түрде атап айтуға болады. Бұл Қазақстандағы театр режиссурасының өсіп келе жатқанын, оның болашағы бар екенін көрсетеді, – дейді мэтр.
Байқауда тартысқа түскен театрлардың бағасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Еркін Жуасбек бастаған қазылар алқасы береді.
Ал қазылар алқасының төрағасы, театр сыншысы Амангелді Мұқан басты мақсат сын айту емес, қазіргі қазақ театры қай бағытта дамуы керектігін анықтау, жаңа театрды көру, пікір алмасу екендігін атап өтті.
– Әшірбек Сығай атындағы театр фестивалі Қазақстанда алғаш рет өтуде. Бүгінде жас режиссерлер шыға бастады, олар көбінесе классика негізінде әртүрлі жанрдағы заманауи спектакльдер қояды. Олардың өз идеялары мен өз көзқарастары бар, – дейді ол.
Фестиваль аясында шеберлік сабақтары мен семинарлар өтетінін де айта кеткен ләзім. Ал көрермен қауым байқау бағдарламасы бойынша ұсынылған спектакльдерді Қарағандыдағы С.Сейфуллин және К.Станиславский атындағы театрлардың сахналарынан 16 қазанға дейін тамашалай алады.
Өнер бәйгесінің соңына қарай жеңімпаз театр мен арнайы жүлделердің иегерлері анықталып, олар Әшірбек Сығай атындағы және оның шәкірттері тағайындаған сыйлықтармен марапатталатын болады.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Бүгін, 21:15
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Бүгін, 21:12
Елорда • Бүгін, 21:08
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Бүгін, 21:06
Әлем • Бүгін, 21:03
Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту
Сұхбат • Бүгін, 20:59
Қоғам • Бүгін, 20:58
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Бүгін, 20:56
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Бүгін, 20:46
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:43
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Бүгін, 20:42
Әдебиет • Бүгін, 20:39
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Экология • Бүгін, 20:35
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Бүгін, 20:33
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Бүгін, 20:32
Өнер • Бүгін, 20:31
Өнер • Бүгін, 20:30
Спорт • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:28
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Абай • Бүгін, 20:26
Таным • Бүгін, 20:25
Өнер • Бүгін, 20:23
Мысырда шіркеу өртеніп, 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 19:55
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Ұқсас жаңалықтар