Қоғам • 13 Қазан, 2021

Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы қалыпқа келді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандандырылған ХҚКО-ларда клиенттерге қызмет көрсету қайта басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы қалыпқа келді

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы іркілістерге байланысты мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәліктерін беру бойынша клиенттерді қабылдау тоқтатылды. Қазіргі уақытта барлық ақаулар жойылып, автоорталықтарда клиенттерді қабылдау қайта басталды», деп жазды «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі.