Аймақтар • 13 Қазан, 2021

340 шетелдік елден шығарылды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы екі күні бойы құрылыс алаңдарын, жертөлелерді, базарларды, теміржол маңындағы аумақтарды, көлік тұрақтарын, саяжайлар мен өндірістік аймақтарды тексерді. Мақсат – заңсыз мигранттарды анықтау, деп хабарлайды Egemen.kz.

340 шетелдік елден шығарылды

«Келімсек» іс-шарасы барысында полицейлер келімсектердің уақытша тұратын жерлерін де тексерген.

«Екі күндік рейд кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 507 құқық бұзушы анықталды және жауапқа тартылды, олардың 340-ы – шетел азаматтары. Сот шешімімен көрші мемлекеттердің 44 азаматы елден шығарылды», дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан аумағында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін еліміздің 145 лауазымды және заңды тұлғасы әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 22 жұмыс беруші де жазаланды.