Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 21 адам жарақат алған.
Баку бас полиция басқармасы мемлекеттік жол полициясы басқармасының бас инспекторы, полиция майоры Араз Аскерлі жол апаты салдарынан 5 адам қаза тауып, 13 адам жараланғанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі деген болжам бар. Ол көлік жүргізу кезінде қалғып кеткен. Салдарынан қоғамдық көлікке соғылған. Автобус аударылып қалды.