Оқиға • 13 Қазан, 2021

Канадалық азаматтың үйіне метеорит құлады

744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың батысында тұратын тұрғындардың бірінің үйіне метеорит құлады. Метеорит шатырды тесіп өткен, деп жазады Egemen.kz CBC News-ке сілтеме жасап.

Канадалық азаматтың үйіне метеорит құлады

Әуелде үй иесі төсек үстіне құлаған тасты жол құрылысы кезінде ұшып кеткен болар деп ойлағанын айтады. Алайда шақырту бойынша келген тәртіп сақшылары бұл пікірді жоққа шығарды. 

Кейіннен объектінің ғарыштық шығу тегін растауға мүмкіндік туды.  

н

«Бұл сөзсіз метеорит. Бұл оқиғаның бәрі метеориттің құлауы туралы теориямен сәйкес келеді. Сонымен қатар сол уақытта аспанда аққан жұлдыз жайлы дерек тіркелген», дейді Лондондағы Батыс университетінің физика және астрономия кафедрасының профессоры Питер Браун.

а

Қожайын тасты ғалымдарға зерттеуге жіберуге дайын екенін білдірді. Бірақ талдау аяқтағаннан кейін метеорит бөлігін естелік ретінде өзінде сақтағысы келеді.