Фотогалерея • 13 Қазан, 2021

Елорда – қоғамды дамытудың қозғаушы күші

959 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Есілдің бойында еңсе тіктеген елорда – аласармас айбарымыздың, сарқылмас рухани қайнарымыздың алтын қазығы. Бас қаладан бастау алатын байыпты бастамалар мен сенімді серпілістерді ел тұрғындары ерекше ықыласпен қабылдап, келешектің келбетіне үңіледі. Мәселен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі биыл ауыз толтырып айтуға тұрарлық алуан түрлі іс тындырып, қоғамдық сананы жаңғыртудың жарқын үлгісін көрсетті.

 

Елорда – қоғамды дамытудың қозғаушы күші

Ұлттық болмыстың ұстынын айқын­дап, болашағын бедерлеген Елбасы ма­қа­­ласының мәні мен маңызы жылдар жыл­жыған сайын айрықша айшықтала түс­кені анық. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі аталған бағдарламаның бәсекеге қабі­леттілік, прагматизм, ұлттық біре­гей­лікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақ­станның революциялық емес, эво­люц­ия­лық дамуы, сананың ашықтығы сынды 6 бағытын басшылыққа ала отырып, 17 арнайы жобаны іске асырудың жол картасы мен индикаторлары аясында тисті жұмыстар атқарып жатыр.

Бұл жобаларды жүйелі іске асыру мақсатында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында елор­да аумағында «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасын ту еткен 400-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

 

Берекелі бастамалардың берері көп

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын әркім әрқалай түсінетіні анық. Алайда оның әуелгі мақсаты еліміздің барын ба­ғам­дап, жоғын түгендеу, ұлттың рухани қазына байлығын еселеп, халықтың отан­сүйгіштік сезімін жаңғырту еді. Сон­дық­тан бұған дейін айтып өткен 17 жо­ба­ның көш басында «Туған жер» арна­йы жобасының тұруы – заңды. Елбасы дәл осы жоба жөнінде «Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақы­лық­пен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұ­рыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құр­мет­теу­дің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жер­де де көп жұмыс бар. Осы арқылы қала­ларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патрио­тизм­нің нағыз өзегіне айналады», деген бо­латын.

а

Аталған жобаға қатысты ауқымды жұмыс ел астанасында да қолға алынып жатыр. Жергілікті билік жемісті жұ­мыс істеп, үйлестіру жұмыстарына ай­рықша назар аударып келеді. Мәселен, осы «Туған жер» арнайы жобасының аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы ме­ценаттардың қолдауымен 85,8 млн тең­геге көмек көрсетілді. Осы жоба шеңберінде демеу­ші­лердің 4 млрд 100 мың теңгені құраған қаржылай көмегімен 3 млн-нан астам адам бағдарламаның игілігін көрді. Со­нымен бірге «Туған жер» арнайы жо­басының аясында «Рухани жаң­ғыру» жобалық кеңсесі мен Нұр-Сұлтан қа­ла­сы әкімдігінің «Білім беруді жаң­ғыр­ту ор­та­лы­ғы» МКҚК арасында ынты­мақ­тас­тық туралы меморандумға қол қо­йыл­ды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», деген еді. Түптеп келгенде, патриоттық сезім ұлтты ұйыс­ты­рады, жұртты жұмылдырады, жастар­ды ізгілік пен мейірімге жетелейді. Мәсе­лен, жастардың елге деген шынайы ма­хаббаты мен алғаусыз сезімі «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумында айрықша байқалды. Осы форум жұмысына қатысқан Нұр-Сұлтан қала­сы­ның әкімі Алтай Көлгінов елор­да­да­ғы жастардың еселі еңбегіне тоқталып, еріктілер жаһандық пандемия­­­мен күрес кезінде үлкен үлес қосқанын алға тартты. «Президент 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Еріктілер жаһандық пандемиямен кү­реске зор үлес қосты. Бас қалада ерік­ті­лермен бірге 600-ден астам іс-ша­ра ұйымдастырылып, 170 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында Еріктілер штабы жұмыс істейді. «Қайырымды істер марафоны» акциясы аясында Қазақс­тан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл­ды­ғы­на орай қалалық еріктілер штабы 700-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр», деді қала әкімі.

а

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні мен маңызын айқындаудағы қа­рымды қадамның бірі һәм бірегейі – «100 жаңа есім» арнайы жобасы. Елбасы бір сөзінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады», деген болатын.

а

Биыл бұл жобаның республикалық кезеңін­дегі іріктеуден өтіп, жеңімпаз атан­ған елордалық азаматтардың қатарын­да Ұлттық әйелдер хоккей лигасында өнер көрсеткен алғашқы қазақ ойыншысы Бұлбұл Қартанбай бар. Ол – әйелдер арасындағы алғашқы қазақстандық NHL, АҚШ хоккей клубының бас жаттық­тыру­шысы. Қазақстандық хоккей шабуылшысы, қазіргі уақытта кәсіби әйелдер хоккей­ш­ілері қауымдастығының мүшесі және Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

Сондай-ақ жүзден жүйрік атанған жанның бірі – суретші, графикалық дизайнер, иллюстратор Әйгерім Кәрібаева. Өн бойына өнер тұнған суретші Нұр-Сұлтан қаласындағы дәрігерлерге арналған мурал эскизінің авторы. Ол Umay Global Sammit III Дүниежүзілік саммитіне иллюс­­трация жасады. Ә.Кәрібаева өмір­­дің түрлі кезеңін, ұлттық колорит пен қазіргі заманды бейнелейтін шығар­ма­лары ар­қы­лы халықтың сүйіс­пен­шілігі мен таны­мал­дылығына ие болды. Иллюстра­тор­­дың ең басты еңбектері – отбасына, әйел­дердің әлемдегі үлесіне арналған. Гра­фикалық дизайнер EXPO DUBAI – 2020 көр­ме­сін­дегі қазақ па­вильо­­­­ны­ның көр­не­кі­лігін арттыруға өлшеусіз үлес қосты.

ва

Ал балалар дәрігері-реабилитолог Латиф Парпиев болса қимыл-қозға­лы­сында бұзылу байқалған балаларға кө­мек­теседі. «Жаңа туған нәрес­те­лерді ерте оңалту» жобасының негізін қа­лаушы. «Ата-ана­лар­ға арналған мектеп» жо­басының нәти­­жесінде дәрігерлер мен медицина қыз­меткерлеріне, еліміз­дің әртүрлі қала­ла­­рындағы ата-ана­ларға 15-тен астам меди­ци­налық көмек көр­­сетілді. Осы жобаның шарапатын жалғыз Қазақстанның ғана емес, өзге елдердегі көмекке мұқтаж ба­ла­лар көрді. Олардың саны бүгінде 10 мың­нан асып жығылады. Сондай-ақ Л.Парпиев еліміздің реабилитолог-дәрі­гер­лерімен бірге СОVID-19-бен ауыр­ған пациенттердің денсаулығын қал­пына келтіруге көмектескен бірнеше бейне-са­бақтар түсірді. Ол «ВFК» қоғамдық қо­рының, «Дари добро» бастамашылар тобының, онкологиялық диагнозы бар балаларға көмек көрсететін топтың, «28 петель» қоғамдық қорының волонтері.

в

Биылғы жеңімпаздарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов арнайы қабылдап, «Әр уақыт пен кезеңнің өз батырлары бар. Оларды біріктіретін бір нәрсе – мейірімділік, жаңа білімге, ел мен қаланың дамуына үлес қосуға деген ұмтылыс. «100 жаңа есім» жобасы – бірегей жоба. Бұл жай сандар мен жеңімпаздардың есімдерінің тізімі емес, бұл – нақты адамдардың нақты оқиғалары. Олар – күн сайын қоғамға пайда әкелетін адамдар», деп шынайы пейілін білдірді. Сонымен қатар жоба жеңімпаздарының қоғамға пайдалы жұмыстарына әкімдік тарапынан қолдау көрсетілді.

 

Алаш ардақтыларына еңселі ескерткіш

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шең­берінде қолға алынған баянды баста­малардың бірі – «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы. Бұл жоба аясында елордадағы барлық қоғамдық көлік аялдамалары мен жарнамалық орындарда ел тарихында есімі ерекше аталатын тұғырлы тұлғаларымыздың нақыл сөздері орналастырылды. Сонымен қатар биыл Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар ұлы тұлғалардың ескерткіштері орнатылды.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Көпшіліктің санасын­да тарихи үдерістер, негізінен, тұлға­лан­дыру сипатына ие болатыны белгілі. Көп­­теген халықтар өз елінің ерекше ел­­шісі сынды ұлы бабаларының есім­дерін мақтан тұтады», дей келе атақты тари­хи тұлғаларымыз бен олардың жетіс­­тіктерінің құрметіне ашық аспан астын­­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу қажет екенін айтқан болатын. Бұл ретте, жыл санап елорда аумағында ел мен жерді қорғаған, қазақтың ғылымына, өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұрғырлы тұл­ға­лар­дың еңселі ескерткіштері бой көте­ріп келеді.

а

Мәселен, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың құрметіне орнатылған ескерт­кіш ашылды. Ескерткіш бас қала­да­ғы Әлихан Бөкейхан мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің саябақтың аумағында орналасқан. Ел Президенті жыл сайын Елорда күні қарсаңында қаланың рухани келбетін көркейте түсетін жаңа кешендер ашылатынын атап өтіп, былтыр осы игі дәстүрмен Елбасы кітапханасы музейінің бой көтергенін және оның алдынан ашылған саябақ қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналғанын айтты. «Сондықтан бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құр­ме­тіне орнатылған тарихи ескерткішті дәл осы жерде ашып отырмыз. Мерейлі жылда мұндай сәулет туындысының бой көтеруі – заңды құбылыс», деді Пре­зидент. Қасым-Жомарт Тоқаев мемле­кет­­тіліктің негізін қалыптастыруға, елі­міздің шекара шебін айқындауға, халық­аралық келісімдермен біржола шегендеуге, жаһандық дағдарысты ең­серу­ге, халықаралық беделін нығайтуға Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлес қос­қа­нын атап өтті.

а

Алаш топырағы айбарлы ақында­ры­мен, біртуар батырларымен әйгілі. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды. Қала әкімі өз сөзінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерлік­тің үлгісі екенін айрықша атап өтіп, «Ұлы Жеңіс қарсаңында Мем­ле­кет бас­шысының тапсырмасы бо­йын­­ша Талғат Бигелдиновке арнап ескерт­кіш ашыл­ды. Ұлы Отан соғысының арда­гер­ле­рі ерліктің, табан­дылықтың, өске­лең ұр­пақ үшін ерлік пен даңқтың үлгісі бо­лып саналады! Батыр ата-баба­ла­ры­мыз­­дың арқасында қазір бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз! Біздің міндетіміз – батыр­ларды жадымыздан шығармай, еске алу», деді. Алып мүсін Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшесінің қиылысатын тұ­сын­дағы аллеяда тұрғызылды. Ескерт­кіш қола мен граниттен жасалды. Мүсінші – Нұрлан Далбай, ал сәулетші – Расул Сатыбалдиев.

в

Сонымен бірге елордада А­лаш қай­­рат­­керлері – Әлихан Бөкей­хан, Мір­жақып Дулатов, Ахмет Байтұр­сын­ұлы­­на арналған ескерткіш ашылды. Ес­керт­­­кіштің ашылу салтанатына Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көл­гінов, Үкімет мүшелері, алаштанушы ғалымдар қатысты. Ел Президенті Алаш қайраткерлерінің мемориалына гүл шоғын қойып, ескерткіштің елорда күніне орай ашылуының символдық мәні зор екенін атап өтті. «Біз Алаш арыстарының есімін жаңғыртып, тарихи рөліне баға беруді қолға алдық», деді Мемлекет басшысы.

 

Тарихи тұлғалар тұғырға қонды

Сондай-ақ елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында ғалым, академик, геолог Қаныш Сәтбаев пен халық композиторы, күйші-домбырашы Дина Нұрпейісоваға арналған екі ескерткіш ашылды. Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші Қ.Сәтбаев және Қ.Мұңайтпасов көше­лерінің қиылысында, яғни «Қазақ­стан» спорт кешенінің алдын­да­ғы алаңда ашылды. Ескерткіштің авторы – белгілі мүсінші, Қазақстан Сурет­ші­лер одағының мүшесі Асқар Нартов. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 10,25 метр. Қоладан жасалған. Ғалымның мүсіні 5,25 метр­­­ге жетеді. Гранит тұғырының биіктігі – 5,8 метр. Тұғырында ғалымның әйгілі «Менің халқым менен де биік» деген сөзі қашалған.

Ал Дина Нұрпейісованың ескерткіші Абылай хан мен Күйші Дина көшелерінің қиылысында орналасты. Авторы – мүсінші Бауыржан Жалын. Күйшінің мүсіні қоладан жасалған. Тұғыры – гранит. Елбасы атап өткендей, «домбыра – қа­зақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқ­са­май­тын қайталанбас келбеті. Біздің мәдени құндылықтарымыз, дәстүрлеріміз бен аңыздарымыз ішекті және күй әуен­де­рі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді». Көрнекті тұлғаларға арналған ес­керткіштер Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес іске асырылды. Ел тұрғындарының ендігі міндеті – ата-бабаларымызды есте сақтау, құрметтеу.

Елордада тарихи тұлғаларға қойылған еңселі ескерткіштердің қатарын Әскери-тарихи музей жанындағы алаңда орна­тыл­ған мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің сом бейнесі толықтырды. Ұлт жадынан ұмытылмайтын кесек тұл­ға­­ның есімі ел азаматтарына етене таныс. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда ұлы тұлғаға көше аты берілген болатын. Ендігі кезек ескерткішке келіп отыр. Мүсін комиссия мүшелерінің, зиялы қауым өкілдерінің, ұрпақтарының келісімімен құйылды. Ескерткіштің сәулетшісі – Қ.Қорғанов, мүсінші – Е.Ержанов. Мүсін қо­ла­дан құйылып, тұғыры граниттен қалан­ды. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 8,2 метр. Елорда отанымыздың тек саяси ғана емес мәдени және рухани ордасы. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтанда еліміздің танымал тұлғаларына арналған бірқатар ескерткіш ашылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғаса беретін болады.

Қазақ елін әлем жұртшылығы батыр, балуан халық ретінде танитыны анық. Оған сом білекті, арыстан жүректі ба­­­луан­дарымыз дәлел. Бозкілемде ұлттың абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткен сондай асыл азаматтың бірі һәм бірегейі даңқты балуан, әлем, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров еді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Алаштың ардақтысына арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш Ж.Үшкемпіров атындағы Jekpe-Jek сарайының алдына орнатылды.

Бұған дейін арнайы жаңадан салынған Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген болатын. Болашақта жас балуандар, спортшылар, келешек Олимпиада чемпиондары, ардақты азаматтың ізбасарлары көп болады деген ойдамыз.

Ұлт ағартушысы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин – есімі ел есінде мәңгі сақталған аса көрнекті тұлға. Ұстаз­дың «Кел, балалар, оқылық», деген бір ауыз сөзін бүгінде бүкіл қа­­­зақ халқы білуге тиіс. Сондықтан Ы.Алтын­сариннің жарқын бейнесі жас­тар­дың санасынан өшпейтіні анық. Бұл ретте, биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 мектептің алдында тарихи тұлғаның бюсті орнатылды. Бюсттің биіктігі тұғырын қоса алғанда 4 метрден асады. Авторы – Нұрбол Қалиев. Тұғыры граниттен, ал мүсіннің өзі қоладан құйылған.

Ел тарихындағы елеулі тұлғаларды ұлық­тау – халықтың парызы. Сондықтан елордада қазақ халқының аяулы перзенті, саналы ғұмырын, қажыр-қайратын бала тәрбиелеуге және халықтың ағарту ісіне арнаған ұлы тұлға Ы.Алтынсариннің бюсті ашылғаны ел үшін ерекше маңызға ие. Бұл қадам ағартушының 180 жылдық мерейтойына арналған игі шара болғаны анық. Алдағы уақытта дәл осы №83 орта мектебіне Ы.Алтынсариннің есімі беріледі деген ойдамыз.

а

а

в

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндірушілер мен медицина қыз­меткерлерінің құрметіне монументтер орнатылды. Бұл жұмыс жастарға рухани, патриоттық және мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында қолға алынғаны анық.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндірушілер мен медицина қыз­меткерлерінің құрметіне монументтер орнатылды. Бұл жұмыс жастарға рухани, патриоттық және мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында қолға алынғаны анық.