Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Өз өмірлеріне көңілдері тола ма?

304 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ресми статистикаға сәйкес, бүгінгі таңда Алматыда 14-28 жас аралығында 506 мың жас тұрғын бар. Бірақ мегаполиске білім, жұмыс іздеп ағылған адамдардың, әсіресе, жастардың саны әлдеқайда көп екені анық. Бұл ретте көші-қон деңгейінің жоғары болуына байланысты жыл сайын қалаға 35 мыңға жуық жас келеді және 20 мыңға жуығы кетеді.

Өз өмірлеріне көңілдері тола ма?

Қай кезде де «Жастар қаласы» саналып келген Алматының жастар саясатын дамытудың 2025 жылға дейінгі өңірлік жос­пары бар. Осы бастама аясында 125-тен астам іс-шараны іске асыру көзделген.

Сонымен жуырда онлайн режімде жас­тар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Алма­ты қаласы әкімі жанындағы Жастар ісі жөнін­дегі кеңес отырысы өтті.

Отырыста Алматы жастарының дамуына әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды. Олардың ішінде өзін өзі жүзеге асыру, жеке кәсіпкерлікті бастау мен жүргізу, нәтижелі жұмыспен қамту, сапалы білім алудың қолда бар мүмкіндіктері, сондай-ақ жастардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік жобаларды іске асыруда қала әкімдігімен бірлескен жұмысқа қатысу жайы қаралды.

Жиын барысында атап өтілгендей, жүр­гізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытын­дысы бойынша Алматы жастарының өз өмірі­не қанағаттану индексі жаман емес. Мектеп (14-17 жас: 71,7%) және студент (18-21 жас: 74,0%) жастары арасында өмір­ге қанағаттану деңгейі ең жоғары көрсет­кішке жетті. Оң бағалар Наурызбай (71,8%), Жетісу (69,7%) және Бостандық (68,9%) аудандарының тұрғындары арасында басым.

Ресми деректерге сүйенсек, Алматы жаста­рының әрбір екінші өкілі жұмыспен қам­тылған – 63,7%. Қазіргі жұмысы жастар­дың 64,4%-ын қанағаттандырады. Бұл ретте кәсіп­керлік іске мүдделіліктің жоғары деңге­йіне қарамастан, өзін өзі жұмыспен қамту қазіргі таңда жастардың әрбір он біріншісіне (8,6%) тиесілі.

Жалпы, талдау қорытындысы бойынша жұмыстың 5 негізгі бағыты айқындалды: сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, қолжетімді тұрғын үй және кәсіпкерлікті дамыту, атаулы-профилак­тикалық жұмыс, саламатты өмір салты.

Қаланың қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Р.Бекбергенов жұмыстың басым бағыттарының бірі – NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тарту еке­нін айтты. Осылайша, жүйелі жұмыс аясын­да биыл Жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 404 жас тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 390 студент қабылданса, 8 634 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де белсенді ны­сан­дарына жіберілді, оның ішінде жас­тар прак­тикасы, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, «бірінші жұмыс орны» жобасы бар. Сон­дай-ақ 900 жас «Жасыл ел» жобасы аясын­да уақытша жұмысқа орналастыры­лады. Жастар ресурстық орталықтарының жа­нында NEET санатындағы жастармен жұ­мыс жөніндегі арнайы штаб жұмыс істейді.

Арнайы мобильдік топтар жеке жұ­мыс жүргізіп отыр. Олардың мақсаты – адам көп жи­налатын жерлерде қалалық жұмыс­пен қамту бағдарламаларына қатысу мүм­кіндіктерін түсіндіру. Бүгінгі таңда мо­биль­ді топтар аудандық жұмыспен қамту орта­лықтарымен бірлесіп, қаланың барлық ауданында 20 мыңнан астам адамды қам­ти отырып, 55-тен астам акция өткізді. Осы­ған ұқсас жұмысты қаланың базар өкіл­дері бірлесіп жүргізеді, онда арнайы жастар ­пунк­т­терін ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, онлайн форматта жұмыспен қамту бойынша атаулы жұмыс жүргізу мәселесі қо­сымша пысықталып жатыр.

Отырыс барысында кеңес мүшелері жұ­мыс­пен қамтуға жәрдемдесу, кәсіпкерлікті дамыту, жастар арасындағы құқық бұзушы­лықтардың алдын алу бағыттары бойынша нақты ұсыныстар жасады.

Отырыс соңында қала әкімінің орын­­басары Ержан Бабақұмаров жастар қоғам­дастығын, оның ішінде жастар ұйымдарының көшбасшыларын қала әкімдігі жанындағы жұмыс істейтін мамандандырылған жұмыс топтарының құрамына қосу арқылы өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша 2022 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленеді. Басым бағыттардың ішінде жас алматылықтарға кәсіптік бағдар беру бойынша консультациялық көмек көр­сетуге, оларды қайта оқыту және кадрларды қайта даярлау бағдарламаларына тартуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен өзара іс-қимыл тәсілдерін жетілдіруге баса назар ауда­рылды. Жастардың кәсіпкерлікке қызы­ғушылығы жоғары екендігі ескеріле отырып, бизнес жүргізу үшін қолда бар мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шараларын түсіндіру жұмыстарын күшейту ұйғарылды.