Қоғам • 14 Қазан, 2021

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар жолға шықты

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алматы – Маңғыстау» және «Алматы – Өскемен» жолаушылар пойызында әйелдерге арналған вагон бар, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар жолға шықты

10 қазанда жолға шыққан рейске 92 әйел билет алған. Ал бүгін Алматыдан Өскеменге аттанған пойыздағы вагонға бар-жоғы жеті әйел билет алған. Ұлттық тасымалдаушы компания өкілдері бұл шара бірінші кезекте қауіпсіздік үшін қолға алынғанын айтады. Бұл пойызбен ер-азамат атаулыдан тек анасымен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар ғана жүре алады. Егер әйелдерге арналған вагонға сұраныс артса, қосымша вагондар қарастырылмақ.