Теннис • 14 Қазан, 2021

Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына шықты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына шықты

Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге ширек финалда чехиялықтар Мария Боузкова – Люция Градецкаямен шеберлік байқасты. Қазақстандық-ресейлік жұп 1:6, 6:1, 10:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина мен Кудерметова 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 4 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Е.Рыбакина мен В.Кудерметова финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.

Олар ширек финалда жарыстың бірінші ракеткалары, чехиялық Катерина Синякова – Барбора Крейчикованы 2:6, 6:4, 10:8 есебімен ұтып кетті.