Аймақтар • 14 Қазан, 2021

ШҚО-да екі зейнеткерді аяусыз өлтірген қылмыскер ұсталды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да ер адам екі зейнеткерді пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да екі зейнеткерді аяусыз өлтірген қылмыскер ұсталды

Полиция іс жайлы толығырақ айтты.

Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 қаңтарда Прибрежный ауылында болған.

«Үйде еденде оның иелерінің жартылай күйдірілген мәйіттері (83 жастағы әйел және 74 жастағы ер адам) табылды. Олардың денелерінде пышақ жарақаттары көп болды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99 - бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (адам өлтіру), оның аясында 8 ай бойы жедел уәкілдер оқиғаның барлық мән-жайларын мұқият зерттеді», делінген хабарламада.

Қазан айында күдікті анықталды.

«Ол 37 жастағы ер адам болып шықты. Кісі өлтіргеннен кейін ол әдейі үйді өртеп, қашып кетті. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», деді ШҚО полиция бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Бұл қылмыс үшін күдіктіге, сот оны кінәлі деп таныған жағдайда, 20 жылға дейін жаза не өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін.