Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Жамбылда тағы жарылыс болды: Қорғаныс министрлігі түсінік берді

949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында оқ-дәрі қалдықтарын жару жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда тағы жарылыс болды: Қорғаныс министрлігі түсінік берді

«Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысының Байзақ ауданында ҚР Қорғаныс министрлігінің инженерлік-саперлік бөлімшелерінің күшімен оқ-дәрі қалдықтарын бақылаумен жару басталды. Жұмыс осы жылдың 13 қарашасына дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті жүргізіледі. Бұл үшін әскери бөлімнен және елді мекендерден 12 шақырымнан астам қашықтағы таулы жер таңдап алынды»,  деді Қорғаныс министрлігінен.

Ведомство мәліметінше, мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеген. Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланған.

«Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды. Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ», делінген таратылған ақпаратта.