Әлем • 14 Қазан, 2021

Тұрғын үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 46-ға жетті

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайваньның оңтүстігіндегі Гаосюн қаласындағы 13 қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 46 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғын үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 46-ға жетті

Қалалық өрт сөндіру бөлімінің хабарлауынша, өрт бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша 02:54 -те шыққан. Өрт тек таңертең жергілікті уақыт бойынша 07:17-де сөндірілді. 

Өрт сөндірушілер ғимаратқа кірген кезде 9 адамның денесін тапты. Бірнеше сағаттан кейін тағы 37 адамның мәйіті табылды. Ондаған тұрғын ауруханаға жатқызылды, кейбірінің жағдайы ауыр.

Билік 7-11 қабаттарда әлі де адамдар болуы мүмкін екенін айтты және осыған байланысты құрбандар саны артуы мүмкін екенін ескертті.