13 Ақпан, 2014

Жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісі

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алқа жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-тың, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы, сонымен қатар, аумақтық бөлімдердің басшылығы және Агенттіктің орталық аппаратының қызметшілері қатысты. Қазақстан Президентінің ел халқына арнаған «Қазақстан жо­лы – 2050: бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты Жол­дауы тұрғысынан Агенттіктің мін­дет­тері туралы баяндама жасаған Агенттік төрағасы Әли­хан Байменов мемлекеттік қыз­мет­тің жаңа моделінің өзекті мәсе­лелеріне ерекше назар аударды. Алдағы даму меритократия қа­ғидаттарын қолдану, конкурс комиссиясы отырыстарындағы сарапшылар мен бақылаушылардың қатысуы, этикалық және тәртіптік бақылауды күшейту, персонал­ды басқару қызметтерін кәсіби­лендіру, сонымен бірге, ұсыны­латын мемлекеттік қызметтің сапасы сияқты өзекті бағыттарға ие болады. Агенттік төрағасы мемлекеттік органда құжат айналымының айтарлықтай төмендеуі, жоғары тұрған органдарға ұсынылатын есептемелер тізімін қайта қарау болатынын баса айтты. Шешім шығару үшін ақпаратты және есептемелерді қалыптастырудың қағидаттары маңыздылық, іс­кер­лік, мақсаттылық және іске аса­тындық болуы қажет. Ә.Байменов аумақтық де­пар­таменттердің басшыларына Президент Жолдауының түсін­діру жұмыстарын күшейту және мемлекеттік қызметтің жа­ңа моделі бойынша, өңірлік тәртіп­тік кеңестер жұмысының жария­лы­лығын қамтамасыз ету, мемле­кеттік органдардағы бос орындар және өткізілетін конкурстар туралы уақтылы хабарлау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Алқаның аяқталуымен пер­соналды басқару тұжы­рым­да­масының жобасы таныстырылған семинар өткізілді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметте жеке тұл­ғааралық қарым-қатынас өнері жә­не мемлекеттік органның оң бе­делін қалыптастыру техно­ло­гия­­лары бойынша тренингтер өтті. «Егемен-ақпарат».