Әлем • 14 Қазан, 2021

Тұрғын үйден шыққан өрттен 46 адам көз жұмды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейсенбі күні Тайванның Гаосюн қаласындағы тұрғын үйден өрт шығып, кем дегенде 46 адам көз жұмған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғын үйден шыққан өрттен 46 адам көз жұмды

14 қазанға қараған түні Тайванның Гаосюн қаласындағы көпқабатты ғимараттан өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 46 адам көз жұмып, 41 адам жарақат алды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көпфункциялы ғимарат 40 жыл бұрын салынған, апат кезінде онда 140 адам тұрып жатқан. Құтқарушылар ірі өртті ауыздықтады. Қазіргі кезде ТЖ себебін анықтау мақсатында зерттеу жүріп жатыр.