Экономика • 14 Қазан, 2021

Отбасы банк бәсекесіз «онлайн базарын» іске қосты

1118 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Цифрлы технологиялар біздің өмірімізді айтарлықтай өзгерткенін бай­қай­сыз­дар ма? Елімізде финтех секторы ілгерілеп келеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл ипо­теканың онлайн форматқа көшуі. Бұрын клиенттердің өз аяғымен барып, банк бөлімшесіне кезекке тұрып жасауы тиіс шаруаның көбін енді жасанды интеллект атқара бастады. Бастысы, клиент өзінің сәйкестігін растауы тиіс. Бұл электронды цифрлы қолтаңба, басқа да идентификация құралдары арқылы жүзеге асатынын баяндар алдында бірнеше жыл бұрын цифрлы технологияларды дамытуға инвестиция салатынын мәлімдеген Отбасы банк осы сөздің үдесінен шыға бастағанын айтқан ләзім.

Отбасы банк бәсекесіз «онлайн базарын» іске қосты

Алайда өзіміз армандағандай жаңа үй, жайлы баспана – қашан да бас­ты мәселе болып қала бермек. Үйлі бо­лудың жолында алаяқтарға алданбай, се­німді дереккөздеріне сүйену, бі­лікті ма­ман­дар­дың жедел кеңесі, жа­ңыл­майтын таңдау жа­сау жолдарын қарас­ты­ру қашан да өзек­ті.

Егер осы іздегеніңіздің барлығы бір жерден табылып жатса, істің оңға­рыл­­ғаны деп біліңіз. Өйткені жылжы­май­тын нарық саласында түрлі ке­лең­сіз оқиғаларға, қымбат несиелерге ұры­нып, тіпті қайғылы жағдайлар орын алып жататынын жоққа шығармау керек. Сондықтан жылжымайтын мү­­лік нарығында тағы да алға жылжып, озық технологияларға сүйенген оң­тай­лы ше­шімдер жасау қажеттігі көрі­ніп отыр. Мә­селен, қазіргі таңда қа­зақ­стан­дық банк­­тер әрі тұтынушы ретіндегі клиент­те­рі­нің өмірінде шешуші рөл атқару үшін біртіндеп маркетплейстерге айналып, өздерінің экожүйелерін жетілдіруге ұмтылуда.

Өз кезегінде Отбасы банк жылжымайтын мүлікті сатып алу мен сатуға ар­налған маркетплейсті іске қосты. Енді үй таңдап, онлайн-несие рәсімдеу үшін бұ­рынғыдай банктің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Бұл портал мем­ле­кеттік тұрғын үй бағдарламалары арқы­лы немесе коммерциялық нарықтан бас­пана алғысы келетін банк клиенттеріне қолжетімді.

– Қазіргі уақытта Отбасы банкте бас­­пана аламын деп, қаражат жинақтап отырған 2 миллионнан астам салымшы бар. Олардың барлығы жылжымайтын мүлік нарығындағы әлеуетті сатып алушылар. Салымшыларымыздың ыңғайлығы мен уақыттарын үнемдеу үшін біз үйді бір жерден таңдап, тіпті сол арада онлайн ипотека рәсімдеуге мүмкіндік беретін маркетплейсті іске қостық. Бұл цифрлы қызмет пен қарапайым адам­гершіліктің ұштасуы. Себебі көп жағ­дайда қазақстандықтар ипотеканы өмі­рін­де бір рет қана алатындықтан, бұл процесті толықтай цифрландыруға болмайды деп есептейміз. Біздің клиенттерге кеңесшінің қолдауы мен ісін жеке алып жүруі қажет. Енді Baspana market-тегі онлайн ипотеканың көмегімен 10 мыңға жуық несие беруді жоспарлап отырмыз, – дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Алдағы уақытта талай адамды қоныс тойға жетелейтін осындай айтулы оқи­ға­ның тұсаукесері алдымен Алматыда өтіп, оған банк басшылары, БАҚ өкілдері, құрылыс компанияларының жетекшілері қатысып, жаңа маркетплейстің қолынан не келетінін көрді. Мұндай басқосулардың берері көп, жұрт түсінбегенін сұрайды, ұсыныс-кеңестер айтылып жатады.

Қысқасы, жаңа қызмет Baspana market деп аталады. Бұл – отандастарымыз мем­лекеттік бағдарламаларға қатысуға өті­нім бере отырып, Отбасы банкінің («Бәй­терек» холдингінің еншілес ұйымы) мен­шік­ті бағдарламалары аясында құрылыс салушылардан қолайлы баспана таңдай алатын, сондай-ақ екінші нарықтан пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін еліміздегі бірегей портал.

Baspana market-тің көмегімен қол­да­ну­шы нысанның толық сипаттамасын, қол­же­­тімді пәтерлер санын, құны мен бөлме­лер­­дің орналасу жобасын егжей-тегжейлі анық­тап көре алады. Жаңа цифрлы платформада лайықты үйді тапқаннан кейін, оны сол жерде брондап, жеке кабинетте сатып алу барысын бақылауға болады.

Егер қолданушы жаңа үй алуды көз­де­се, аталған платформа арқылы құры­лыс салушыдан кеңес алу үшін онлайн-өтінім жолдай алады. Ал таңдағаны – екінші нарықтағы баспана болса, аталған мүлікті Отбасы банкінен несие алу үшін кепілзат ретінде ұсынуға қаншалықты жарамды екенін бірден көреді.

Baspana market сондай-ақ құрылыс салушылар үшін Отбасы банкімен өзара қа­рым-қатынас орнатуға ыңғайлы цифр­­­лы алаңға айналмақ. Бұл жерде қажетті құ­жаттарды тіркеп, банкпен ынты­мақ­тас­тық жөнінде электронды өтінім жолдап, Отбасы банкінің кең аудиториясына құрылыс салушылар өз пәтерлерін сатуға шығарса болады.

Онлайн ипотека – сынақ режімінде жұмыс істеп тұрған қанатқақты жоба. Ол коммерциялық нарықтан жаңа немесе қолданыста болған тұрғын үй сатып алғысы келетін банк клиенттеріне қолжетімді болады. Қазір дәл осындай несие түрін рәсімдеу үшін банк бөлімшесіне қайта-қайта барудың қажеті жоқ. Онлайн ипотека ашылса, несиелік келісімге қол қою сатысында банкке 2 рет қана келеді.

Қызметтің жаңа түрін Baspana market-те орналасқан жеке кабинет ар­қы­­лы пайдалануға болады. Ол жер­де әлеуетті қарыз алушы сатып алу-са­ту келісімі аяқталғанға дейін өзіне жеке та­ғайындалатын бейне-кеңес­ші­мен бай­ланыса алатын мүмкіндік жа­сал­­ған. Ке­ңесші алдын ала есеп жүр­гі­зіп, құжаттар тізімін айтып, несие сома­сының алдын ала мақұлданған көле­мі жөнінде ақпарат бере алады. Әрі қарай, клиент өзіне ұнамды баспана тауып, оны бағалатады. Мүлікті бағалау құжаттары дайын болған кезде, бейнебайланыс операторы несиелік өтінімді тол­тыруға көмектесіп, клиентке оның жағ­дайы туралы хабарлайды. Егер банк оң шешім шығарса, оператор сатып алу-сату келісімін рәсімдеу үшін нотариусқа баратын ыңғайлы уақытты брондауға көмектеседі.

Осы процестен кейін ғана болашақ қарыз алушы құқық белгілейтін құ­жат­тар­ды ұсыну үшін алдымен банк филиалына, кейін несиелік келісім мен оны өтеу кестесіне қол қоюы үшін банк бөлімшесіне барады.

 Баспана базары

«Маркетплейс – тікелей «нарықтық алаң» деп аударылады. Біздер осы нарықтың барлық мүдделі тараптары, яғни барлық қатысушылары кездесе алатын платформа құрдық. Маркетплейс дегенді былай түсінеміз: жылжымайтын мүлік иелері болсын, құрылыс компания­ла­ры болсын, біз баспана сату жөніндегі барлық ұсыныстарды жинақтаймыз», дейді бұл бастама туралы Отбасы банктің сату және аймақтық даму жөніндегі де­партаментінің директоры Рахиля Балтабаева.

Қалай десек те, бір порталдан салынып жатқан үйді, жобасын, пәтерлер санын түгел көру, бағасын және банк менеджерлері арқылы оған қалай қол жеткізуге болатынын біліп отыру қо­лай­лы. Ең бастысы, маркетплейстегі барлық жылжымайтын мүлік туралы ақпараттар, сатушылар, тіпті сатып алуға ұмтылғандар туралы барлық деректер тексеріліп отырады. Бұл клиент қауіпсіздігі үшін қажет.

«Біз Қазақстанның ипотекалық нары­ғын­дағы жетекші банкпіз. Жыл басынан бері несиелік өнімдеріміздің нәтижесінде 58 800 адамның қоныс тойына жетуіне көмектестік. Бұл – нарықтың 62%-ы. Дәл қазіргі таңда банктің екі миллионнан астам салымшысы бар. Қазір олар болашақтағы баспаналарын алу үшін қаражат жинақтап жатыр. Және олардың барлығы да – жылжымайтын мүлік 

на­ры­ғының әлеуетті сатып алушылары болғандықтан, осы азаматтарға арнап ыңғайлы онлайн-алаң құрдық. Бірінші кезекте Baspana market арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы үшін салынып жатқан үйлер ұсынылады. Оның бағасы нарықтағы бағадан 40% арзан. Бұл жерден кезекте тұрғандар үйді, бөлмелердің қалай жобаланғанын, ауданын, салынып жатқан нысанның орнын көріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болу үшін онлайн-өтініш бере алады», дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Л.Ибрагимова.

Дегенмен жекеменшік шаршы метр­ле­рі бар, алайда оны кеңейтуді көз­деп жүргендер де аз емес. Балалар өседі, ке­лім­ді-кетімді қонақ көбейеді дегендей, жақсы, жоғары санаттағы пәтерлерге көшкісі келетін адамдар бар, барлығына мархабат. Бұл санаттағылар да өздеріне қо­лайлы ұсыныстарды қарастырып, ізде­генін таба алады.

«Біз барлық азаматтың сұраныс­та­­рын қарастырдық. Сондықтан маркет­плейс­­­тен жайлылығы жоғары, яғни ком­форт-кластағы тұрғын үйлерді де та­буға бо­лады. Сол сияқты порталдан екін­ші нарықтағы пәтерлерді таба аласыз. Осы­­лайша, біз үйін жаңартуға шешім қа­былдаған қазақстандықтардың мүм­кін­­діктерін барынша кеңейттік», дейді Л.Ибрагимова.

Егер платформа қолданушысы жаңа­дан салынған үй алғысы келсе, онда құ­рылыс компаниясының өзінен кеңес алуға онлайн-өтініш бере алады. Ал қай­талама нарықтағы баспананы клиент Отба­сы банк арқылы кепілдікке қоюға жарай­тынын бірден көре алады.

– Бұл – жеке кабинетінде бастапқы нарықта болсын, мейлі екінші рет саты­лым­ға шыққан үй болсын, кез келген сатушы өзінің хабарландыруын орналастыра алатын және барлық жеке тұлға өзіне ұнаған нысанды таңдауға шешім қабылдай алатын жаңа портал. Сондай-ақ порталды пайдаланушылар қалаған нысанына несие өтінімін бере алады. Егер үй сатып алуға шамасы бар клиентке құрылыс компаниясынан тағы да қосымша ақпараттар қажет болса, онда бізде олармен байланыстыратын байланыс түймесі бар, сол арқылы компания барлық мәліметті ұсынады. Егер адамдар біздің банктің ипотекасымен үй алуға шешім қабылдаса, онда бейне-сервис қызметі арқылы тікелей кеңес ала алады, – дейді Р.Балтабаева.

Дегенмен осының барлығы клиенттерге ыңғайлы болғанымен, құрылыс компанияларына қолайлы ма?

Мәселен, портал іске қосылғанда құ­ры­лыс компанияларына сол күннен-ақ жарнама, хабарландыруларын жария­лауға мүмкіндік берілген болатын. Қа­зір­дің өзінде осы тетік арқылы еліміз­дің әр өңірінен 11 құрылыс нысаны саудаға шығарылған.

 Клиент қалаған үйін таңдағаннан кейін Baspana market арқылы сол арада заем рәсімдеуге онлайн өтініш бере алады. Мұны Отбасы банктің басшысы Л.Ибрагимова былай түсіндірді: «Өтініш түсе салысымен біздің кеңесші әлеуетті клиентпен бірден байланысқа шығып, банк өнімдері жайлы егжей-тегжейлі түсіндіреді, төлемдерін есептеп, несиені жабудың кестесін көрсетеді. Адамдар сол арада пәтер төлемдерімен танысып, қарызды қалай жаба алатынын алдын ала бағамдап алады. Бір жағынан бұл әрбір клиент үшін өзінің төлем қабілеті қаншалықты екенін онлайн бағалап алу­дың да мүмкіндігі».

 Бір күнде орындалатын арман

Қалай десек те, үйлі болғысы келетін­дер­дің жүйкесін сақтап, уақытын айтар­лық­тай үнемдейтін жаңа платформа елі­міз­дегі барлық құрылыс компанияла­рын да қызықтырып отыр. Олар үшін маркетплейстің пайдасы қаншалықты екенін баяндап жатудың өзі әбес. Сон­дық­тан Baspana market тұсаукесері Қазақ­стан­ның барлық өңірдегі құрылыс компаниялары өкілдерінің басын қосты. Мәселен, еліміздегі ірі құрылыс ком­па­ниясының бірі – BI Group былтыр өзінің жылжымайтын мүлік сату порта­лын іске қосқанына қарамастан, атал­ған компанияның қар­­жы­лық техноло­гиялар бағытындағы же­текшісі Нұрлан Оңғарбаевтың айтуын­ша, осы компа­ния­ның клиенттеріне ипо­те­ка­лық несие рәсімдеу үшін кейде бір айдай уақыт кететін көрінеді.

«Ұдайы жаңа құжаттар мен оның сенімді екенін мақұлдау талап етіледі. Менде бір арман бар еді – банктермен ынтымақтаса отырып, адамдар баспаналы болу үшін бір күнде несие рәсімдей алса екен деп ойлайтынмын. Міне, қазір бізге Отбасы банк ұсынып отырған алаң – сол арманға жақындатқан тағы бір қадам. Бұл уақыт өте келе ипотекалық ссуданы бір күнде, қашықтан отырып, рәсімдей беруге болатын өте мықты өнім болады», дейді құрылыс компаниясының өкілі.

«Оның үстіне қазіргідей жағдайда онлайн-платформа құра отырып, клиент­те­ріміздің денсаулығын сақтау да аса маңызды. Клиент маркетплейске үйінде отырып-ақ кіріп, барлық нысанмен танысып, түсінбеген, тағы да білгісі келген сұрақтарын қашықтан қоя алады. Бейнебайланыс арқылы жүзеге асатын онлайн-ипотеканың өзімізді сақтауға септігі ора­сан. Бұл қызмет клиентке бар­­лық процесс аяқталғаннан кейін құ­жаттарын тап­­сыруға, қолын қоюға ғана келуге мүм­кіндік береді», дейді «От­ба­сы банк» АҚ Басқарма төрайымы Л.Ибрагимова.

Қалай десек те, мұндай біріктірілген жұмыс, яғни оңтайландырылған қызмет тұрғын үйді таңдаудан бастап, оны өз атына рәсімдегенге дейінгі талай қаржылық операцияларды жеңілдетеді.

Орайы келіп тұрғанда тоқтала кету керек, қазір BI Group пен Отбасы банк «айнадай сөрелер» сервисін жасақтап отыр.

«Baspana market сайтында біздің сатуға шығарылған барлық нысандарымыз қойылған сөре болады. Сол сияқты біздің сайттан да азаматтар Отбасы банк ұсынған барлық қаржылық өнімдермен танысып, несие алу үшін осы банкті таңдай алады», дейді BI Group компаниясының қаржылық технологиялар жөніндегі жетекшісі Н.Оңғарбаев.

Расында, құрылыс компаниялары да, адамдар да дәл осы сәттерде Baspana market арқылы үйін сатылымға шығарып, хабарландыруларын жариялай алады. Қазір әрбір адамның қолында интернеті, ғаламторға жалғанған смартфоны бар. Ал Baspana market-тің артықшылығы, қарапайым тілмен айтқанда, кәдімгі байланыс құралдары арқылы байланысқа шығуға болады. Жылжымайтын мүлік туралы барлық ақпарат бар. Ұсыныстар сенімді. Мемлекеттік бағдарламалар ар­қы­лы да үйлі болу жолдары қарас­ты­рыл­ған. Тұрғын үйді қашықтан несиеге сатып алуға болады.

«Портал жаздың басында қосылса, қазір күніне сайтқа 5 мыңдай адам кіреді. Тұрғын үйді брондауға клиенттерден
7 мыңнан астам өтініш тіркелді. Өтініштер мен ұсыныстар еліміздің барлық өңірінен түсіп жатыр. Сондықтан жылжымайтын мүлікке сұраныс жеткілікті», дейді Отбасы банктің сату және аймақтық даму жөніндегі департаментінің директоры Р.Балтабаева.

 Цифрлы ипотека дегеніміз – осы

Елдің есінде болса, бірнеше жыл бұрын Отбасы банк цифрлы технологияларға инвестиция салатындығы жөніндегі жоспарын мәлімдеген еді. Содан бері банктің цифрлы форматтағы қызмет түрлерін ұсынатын ІТ-бөлімі жұмысын тұрақты атқарып отыр. Қазір бейнесервис пен биометрия технологияларын пайдалануға болады. Жуырда жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке кепілдік келісім­шартын тіркейтін Blockchain технологиясы енгізілді. Енді ипотека рәсімдейтін отандастарымыз otbasybank.kz порталының жеке кабинетінде кепілдік шарттарымен танысып, ЭЦҚ көмегімен қолын қоя алады.

«Қазірдің өзінде 200-ден астам қазақ­­с­тан­дық электронды цифрлы қолтаң­баның көмегімен өздерінің кепілдіктерін жаңа порталда тіркей алды. Біз үшін қа­шан да және алдағы уақытта да банк қыз­меттерін ұсынуда электронды қыз­­меттердің ың­ғай­лылығы, жеделдігін көтеру мен дис­танциялық каналдарды дамыту ма­ңыз­ды болып қала бермек. Ал жаңа тех­нологиялар клиенттердің уақытын ай­тар­лықтай үнемдеп қана қой­май, банктің шы­ғындарын да азайтады. Baspana market – аяқталмаған статикалық жоба: маркетплейс функциясы ұдайы сапалы қыз­меттермен жетілдіріліп отырады. Демек, Baspana market – бұл цифрлы әлемдегі әлі де дами беретін қаржылық организм екендігін атап өткім келеді», деді Отбасы банктің жетекшісі Ләззат Еркінқызы.

Мұның барлығы бізге несімен тиімді? Ең басты ұтатынымыз – уақыт.