Бұл күндері ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанған, ілкідегі рухани өмірімізге мәңгі өлмес мұра қалдырған сал-серілердің асқақ үні, ғажайып салтанатының сұлбасы әлі күнге дейін көгілдір аспанда кілкіп тұрған Көкшетау биыл Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесін алып отыр.

Өткеннің өнегесін бүгінгінің бойына жұқтыру парыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп атап көрсеткен болатын. Шынында да, ата-бабаның алпыс екі тамырындағы, бар болмысы мен бірегей бітіміндегі өзгеше қасиеттің өңі бүгінгінің бейнесін нұрландырса, жан дүниесін жайласа, сол арқылы түлеп, түрленіп, мәңгілік елдің мәртебесіне қызмет етсе, ғанибет емес пе?!
Биылғы мамыр айында мәдениет және өнер қызметкерлері бас қосқан алқалы жиын – «Рухани қазына» республикалық фестивалінде Көкшетау 2021 жылғы Қазақстанның мәдени астанасы деп жарияланған болатын. Мәдени астананың символдық белгісі қоса тапсырылған. Белгімен бірге зор жауапкершілік те жүктеліп тұрғандай. Жұмыс ауқымды, міндет межесі биік. «Қазақстанның мәдени астанасы» жоспарын мүлтіксіз жүзеге асыру үшін өңірде Жол картасы жасалып, облыстық әкімдіктің қолдауымен 500-ден аса іс-шара өткізу белгіленді. Өзге өңірлердегі мәдениет басқармаларымен ақылдаса отырып, барлық жұмысты үйлестіру үшін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының жанынан арнайы штаб құрылды. Алты Алаш бауырына басқан сайын даладағы саф алтындай тұнып жатқан бар мәдени мұраны шып-шырғасын шығармай толық қамтып, жарқыратып көрсету арқылы бүгінгі замандастарымыздың көкірегіне рухани нәр құйып, көңіл терезесін ашуға ықпал ететін іс-шаралар республикалық жоспармен астасып жатты.
Міне, бүгінде қасиетті Көкшетау топырағында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық фестивалі өтіп жатыр. Алматыдан бастау алған айтулы өнер мерекесі сұлу Көкшеде жалғасын тауып, дами түсуде.
Музей, кітапхана, театр ұжымдары қызғылықты концерттер мен мәдени-көпшілік шараларын мәнді етіп ұйымдастыруда. Жаман тұмау жағадан алғалы ән сүйетін, мәнді мәдениеттің мәйегін айыра білетін көпшілік шөліркеп-ақ қалған екен. Жан жадыратар жағымды жаңалықтан құлақтанған соң бар ынта-ниеті ауқымды шараларға ауған. Алаштың айтулы перзенті Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына орайластырылған аймақтық фольклорлық фестиваль айрықша мәнді шара болды. Бурабай баурайындағы әйгілі Абылай хан алаңында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының үздік фольклорлық ұжымдары мен жеке орындаушылар киелі мекенді думанға бөледі. Өнерпаздар да өлкенің өткенімен танысуға мүмкіндік алды. «Фольклорлық аспаптар мен аранжировка негіздері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. Ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» музейіндегі мұрағаттардың тылсым сырын көкірекке түйді. Облыс орталығындағы тарихи-өлкетану музейінде «Тәуелсіздік туын биік көтерген Абылай хан», «Ұлы дала жауһары», «Алты Алаштың Жамбылы», «Құт қонған Қостанай» тақырыбындағы көрме көрермендер көңілінен шықты. «Астана-балет» театрының гастролі мен Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Бір шаңырақтың астында» концерттік бағдарламасы ұзақ уақыт ел есінде сақталатын нағыз мәнді, мазмұнды шара болды. Қостанайдың Назымбек Молдахметов атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің «Думанды Тобыл» және Арқалық жасөспірімдер театрының «Мәңгүрт» драмасы шоқтығы биік шырайлы шығармалар ретінде көрерменнің көңіл көкжиегін кеңейтіп, рухани әлеміне ойып тұрып олжа салған дүние болды.
Көкшетаулық көрермен қос бірдей көркем дүниенің куәсі болды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған ІІІ аймақтық фестивалінің шеңберінде Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Петропавл қазақ театрларының қойылымдары ілкімді ізденістің ілгерілеуін аңғартса, «ТеART-Көкше» халықаралық ІІІ фестивалі аясында Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстанның 11 театрының тамаша өнері кірпияз көрерменнің көңіл шымылдығын айқара ашып, рухани әлемге құйылған таза, мөлдір бұлақтың бастауы болды. Сыйлы сыбаға мұнымен де үзілген жоқ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ академиялық музыкалық-драма театры «Күй – керуен, ән – әлем» бағдарламасын ұсынып, ұлы өнердің ұлағатын паш етті.
Өнер керуені өңірдегі ұлылар салған соқпақпен жалғасып, келешектің көкжиегіне жетелеп барады. Кешегі Кеңес заманында көзі бітелген қайнар бұлақ қайта ашылғандай маржан тамшыларын жарқырата шашып, өнер аспаны жарқырай жанған жұлдызға толы ғажайып сәт болды бұл.
«Тұмар-2022» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 21:05
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:42
Салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек – Ерлан Қошанов
Үкімет • Бүгін, 20:22
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:00
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
Ұқсас жаңалықтар