
Абу-Дабиде айқасады
Қазақтың қайсар ұлы Дамир Исмағұлов UFC-дегі өзінің кезекті жекпе-жегін 30 қазанда Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Абу-Даби қаласында өткізеді.
Ресейдің Орынбор облысында туып-өскен 30 жастағы қандасымыз 2014 жылдан бері осы спорт түрін жанына серік етіп келеді. Сол аралықта 21 кездесу өткізіп, тек біреуінде ғана ұтылды. Өзге бәсекелердің барлығында қарсыластарын сыпыра ұтты. 10 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Дамир 2017 жылы Ресейдегі М-1 ұйымының алтын белбеуін иеленіп, сол атағын бірнеше рет сәтті қорғады. Содан кейін әлемдегі ең белді промоушен – UFC-мен келісімшартқа отырды. Осы ұйымның мұрындық болуымен өткен жарыстарда төрт рет октагонға шығып, барлық бәсекеде жеңіске жетті. Енді ол ресейлік Магомед Мустафаевпен күш сынасады.
Магомед 33 жаста. Дағыстанның тумасы аралас жекпе-жектен өтетін жарыстарға 2011 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді. Сол кезден бері 18 рет айқас алаңына шығып, 14 кездесуді өз пайдасына шешті. Сол сайыстардың барлығында ол айқын басымдық танытты.
«Барыс» тағы да ұтылды
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» кезекті тур ойынын Омбының «Авангардымен» өткізді.
Мәскеу облысы аумағында орналасқан «Арена Балашихада» өткен матч бір минут үнсіздікпен басталды. Осылайша, хоккейшілер осыдан 13 жыл бұрын дүниеден озған Алексей Черепановқа тағзым етті. Аса дарынды ойыншы 2008 жылдың 13 қазанында «Авангард» пен «Витязь» клубтары арасындағы бәсеке барысында кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болған еді. Ол небәрі 19 жаста болатын.... Ал матчтың өзіне келетін болсақ, алғашқы шайба ойын басталғаннан 33 минуттан кейін соғылды. Бұл голдың авторы – Корбэн Найт. 40-минутта Алексей Емелин мергендік тынытса, 50-минутта Никита Михайлис есеп айырмасын қысқартты. Бірақ одан әріге қонақтардың әлі жетпеді. 51 және 59-минуттарда «Авангардтың» ойыншылары тағы екі рет нысананы дәл көздеді. Есеп – 4:1.
Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде 14 ұпаймен 18-орында келеді. Өзінің келесі кездесуін жерлестеріміз 15 қазанда Мытищиде Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубымен өткізеді.
Жапонияда сайысқа түседі
27 қазанда Жапонияның Китакюсю қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталады. Мың бұралған сұлулар жиналатын сайыста қазақстандық спортшылар да бақ сынайды.
Күншығыс елінде еліміздің ең үздік гимнасшылары өнер көрсетеді. Солардың арасынан Елжана Таниеваны ерекше атап өтуге болады. Бұл күндері Мәскеудегі Ирина Винер-Усманова атындағы Көркем гимнастика орталығында жаттығып жүрген ол биылдың өзінде бірқатар халықаралық турнирде мол олжаға кенеліп, майталман мамандардың назарын өзіне аударды. Күні кеше ғана Ресей астанасында өткен Olympico Cup турнирінде қазақтың дарынды қызы үш қола медальді иеленді. Жекелген сайыста Елжанамен қатар, Ділназ Байленова да өз өнерін ортаға салады. Ал топтық бәсекеде Айдана мен Даяна Шаяхметовалар, Милана Будник, Алина Чернышева, Айсұлу Мырзағалиева және Сағина Мұратқызы сынды гимнасшылар бақ сынайды.
Ұлттық командамыздың бас бапкері Әлия Юсупованың айтуынша, біздің спортшылардың даярлығы жақсы. Қазақстанның танымал гимнасшылары арасынан Сабина Бақатова ғана жарақатына байланысты дүбірлі додадан шет қалып отыр.
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Кеше
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Кеше
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Кеше
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Кеше
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • 25 Маусым, 2022
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • 25 Маусым, 2022
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • 25 Маусым, 2022
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • 25 Маусым, 2022
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • 25 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар