Қазақстан • 15 Қазан, 2021

Шекараны заңсыз кесіп өткен күдікті ұсталды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рейдтік іс-шаралар кезінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданы Бағыс ауылының маңында шекараны заңсыз кесіп өткен Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ПД-ға сілтеме жасап.

Шекараны заңсыз кесіп өткен күдікті ұсталды

Шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдік азамат Алматы қаласында ұсталды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.