Аймақтар • 15 Қазан, 2021

Таразда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тараз-Сарыкемер» тас жолында автокөліктердің соқтығысуы салдарынан «Жигули» жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Жол апаты 15 қазан күні таңертең, жергілікті маңызы бар автожолдың 6 шақырымында орын алды.

27 жастағы Audi (B4) маркалы автокөлігінің жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Таразға бет алған. Ер адам қарсы қозғалыс жолағына шығып, 21 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «ВАЗ-2104» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ – 2104» маркалы автокөлігінің жүргізушісі апат орнында көз жұмды, 6 адам түрлі жарақатпен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.

Тергеу шаралары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00