Қоғам • 16 Қазан, 2021

Әйелдерге арналған вагонның ерекшелігі қандай?

1350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» АҚ сату және клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов тек әйелдерге арналған вагонға қатысты әзірленген жобаның ерекшеліктерін айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Әйелдерге арналған вагонның ерекшелігі қандай?

Бұл туралы «Вот это новость» подкастында айтып берді.

10 қазаннан бастап Алматы - Маңғыстау, Алматы - Өскемен бағыттары бойынша қатынайтын пойыздарда әйелдер үшін арнайы бір купе вагон ашылды.

«Бұл ең алдымен, әйелдердің қауіпсіздігі үшін жасалды. Мұндай вагондарға сұраныс бар. Әйелдер тарапынан қызметке сұраныс артса, компания осы бағыттардың географиясын кеңейтуге дайын. Бұл ретте 7 жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүруге рұқсат етілетінін атап өту қажет», деді Ерлан Жимайлов.

Ол сондай-ақ, мұндай вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсететінін айтты.  

«Әйелдер вагондарының басқалардан еш айырмасы жоқ. Баға бірдей. Стандарт купе», деді ол.