2021 жылғы 14-15 қазанда Павлодарда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дәстүрлі «Қасиетті Қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фестивальге еліміздің барлық өңірлерінен келген қазақстандықтар, сондай-ақ, Түркия, Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан сияқты алыс және жақын шетелдерден келген 40 отандасымыз қатысты.
«Қасиетті Қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің Гран-При иегерлері мен жүлдегерлеріне үш номинация бойынша арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Фестиваль қорытындысы бойынша «Вокал» номинациясының бас жүлдесін Түркиядан келген отандасымыз Гүлбуса Шендуран алды. Ол Анкарадағы Түркия мемлекеттік консерваториясында опера сыныбында оқиды.
«Халықтық қолданбалы қолөнер» номинациясының жеңімпаздары қазақстандық Анар Журагат пен Туғанай Жолакова, Ресейден келген қандастарымыз Артықбай Смағұлов және Өзбекстаннан Әлібек Нышанбаев болды.
«Мүшайра» жанры бойынша: Өзбекстаннан Жарасқан Мерзамуратов, Моңғолиядан Данагүл Исахул және Шамшырақ Хаутай, Қазақстаннан Асхат Тәттімбек.
«Терме» бағыты бойынша Павлодар облысының тұрғыны Азамат Базарбай арнайы сыйлыққа ие болды.
Фестивальдің мазмұнды бөлігі түрлі елде тұратын қандастардың бірлігі мен патриотизмі идеяларын ілгерілетуге бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, фестиваль қандастар үшін дәстүрлі іс-шараға айналды, оның мақсаты: отандастардың шығармашылық және білім беру әлеуетін арттыру, қазақ диаспорасына ана тілі мен мәдени құндылықтарды оқытуда әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетудің маңызды мәселелерін талқылау, дарынды орындаушыларды анықтап, оларды қолдау.
Фестиваль Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» бірлесе отырып ұйымдастырылды.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар