Әлем • 17 Қазан, 2021

Перу полициясы 5 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәркіленген заттың 3 тоннасы марихуана, қалғаны кокаин, деп хабарлайды Egemen.kz.

Перу полициясы 5 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

Зиянды зат ел бойынша жүргізілген арнайы операция кезінде Куско аймағындағы джунгли орманынан табылған. Бірнеше қапқа салынған есірткі ел астанасы Лимаға әкелініп, көпшілікке көрсетілді. Полиция тәркіленген партияның заңсыз нарықтағы құны 200 миллион доллардан асатынын айтады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша Перу мен оған көршілес Колумбия кокаин өндіру бойынша әлемде алдыңғы орында тұр.