Оқиға • 18 Қазан, 2021

ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні кешкі уақытта болған. «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 52 шақырымында «ВАЗ 2109» автокөлігі мен «МАЗ» маркалы жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ 2109» көлігінің 65 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушысы сол жерде жан тапсырған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.