Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, 17 қазан күні сағат 16:54 шамасында «Daewoo Nexıa» көлігінің жүргізушісі Абылай хан даңғылымен кетіп бара жатып, Жансүгіров көшесімен қиылысатын тұста мотоциклмен соқтығысқан. Соның салдарынан мотоциклдің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды.
Полиция департаменті жүргізушілерге жолда өте сақ болып, жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді.