Бүгін АҚШ үкіметі АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға COVID-19 індетіне қарсы күресте көмек көрсету мақсатымен 2,4 миллион АҚШ долларын бөлу туралы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен Консулдығы мәлімдеді.
Аталған көмек нақты деректер негізінде вакциналарды енгізу бойынша шешімдер қабылдауға, вакциналар туралы жалған ақпаратқа ден қою бойынша жергілікті әлеуетті дамытуға, COVID-19 нақтылауды жүзеге асыру үшін зертханалық жүйелерді жетілдіруге, Қазақстанның вакциналарды пайдалануға дайындығын арттыруға және оларды жеткізу процедураларын жетілдіруге ықпал ететін болады.
«Бұл көмек пандемия басталғаннан бері COVID-19 індетіне қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде Қазақстанға жіберілген 6,8 миллион АҚШ долларынан астам мөлшердегі қаржыландыруды толықтыратын болады. Бүгінгі таңда USAID 5000-нан астам медицина қызметкеріне COVID-19 індетіне байланысты тақырыптар бойынша, соның ішінде аурудың алдын-алу және бақылау, сонымен қатар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері бойынша оқытуды ұйымдастырды. Өз қызметінде USAID халықтың хабардарлығын арттыру және жалған ақпаратпен күресу үшін белсенді топтарды жұмылдыру арқылы 8,2 млн-нан астам адамды қамтыды.
Осындай күш-жігер жұмсаудың негізінде АҚШ өмірді құтқару бойынша ондаған жылдар бойғы еңбек және денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыстарды еңсерудегі жетекші рөлі жатыр. Соңғы 60 жыл барысында USAID миллиондаған адамның өмірін Эбола, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, безгек және қазір COVID-19 сияқты аурулардан құтқаруға көмектесті», делінген АҚШ дипломатиялық өкілдігі таратқан хабарламада.
Елшіліктің хабарлауынша биыл АҚШ Өкілдігі Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықтың 30 жылдығын атап өтуде. Екі онжылдықтан астам уақыт барысында АҚШ Қазақстанға 2 млрд доллар, соның ішінде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС алдын алу және емдеу сияқты салалардағы денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 миллион доллардан астам қаражат бөлді.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар