«Бағаларға келетін болсақ, біз ет бағасының өсуі мүмкін деген болжам жасаймыз. Өсім шамалы болады деп үміттенеміз. Бұл шөп пен жем бағасының өсуіне байланысты. Ет тапшылығы болмайды», деді министр ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, қазір Қазақстан өз өндірісіндегі сиыр етімен 97%, қой етімен 100%, жылқы етімен 97,5% қамтамасыз етілген.
«Ішкі нарықтағы етке деген сұраныс толығымен отандық өндіріс есебінен өтеледі. Біз шетелден етті көп мөлшерде импорттамаймыз», деді Қарашөкеев.