Қалай десек те, кеңес кезіндегі классикалық әуендер кіреберісте қалып кетуге тиіс емес. Әсіресе сіз бен біздің балалық шағымыздың мөп-мөлдір естелігіндей көрінетін көңілді әуендер ырғағы. Балаңызға ыңылдап ән айта бастасаңыз алдымен көкейіңізге оралатын сол сұлу да сазды әндер емес пе? Әзірге қазақ даласында соларды ұмыттыратын балалар әні өмірге келмеді. Бар болса да үні бәсең. Содан да болар дәуір алмасса да өміршең туындылардың жаңғырығы құлаққа келеді де тұрады.

1968 жылы орыс ақыны Юрий Энтин мен композитор Владимир Шаинский «Антошка» әнін жазды. Қаламгер бұған дейін мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген болатын. Сондықтан жалқау да бұзық балалардың психологиясын терең меңгерген. Былайша айтқанда, оларға не қажетін айтқызбай біледі. Бұл өлеңді сондай бір тілазар баланың біріне арнапты. Сыныбында үнемі «Біз бұл тақырыпты өтпедік, үйге де тапсырма берілмеді» деп бетбақтырмайтын ұқыпсыз оқушыға жауап ретінде жазған екен.
Ал сазгер Шаинский әуенді бірнеше минут ішінде, тіпті музыкалық аспаптың көмегінсіз-ақ шығарады. Оны Юрий Энтин: «Ол маған фортепиано қажет емес, мен үстел үстінде отырып-ақ ән жазамын деген еді», деп еске алады. Сазгер үстелді ұрып, ән айта бастаған сәттен-ақ «Тили-тили, трал-вали...» деп шырқай жөнелген. Бар болғаны алты-ақ жол өлең. Ән де соған сай лезде туыпты.
Алайда телеарналардың балалар редакциясы «Антошка» әнін бірден жариялаған жоқ. Шығарманың авторлары әртүрлі бағдарламаға жүгінді. Тіпті радиолар да әнді таратудан бас тартты. Тек сол уақыттағы «Қайырлы таң!» бағдарламасы ғана қабылдаған. Теледидардан шырқалған мезетте «Антошка» әні хитке айналады. Екі жылдан кейін аталған әнмен аттас мультфильм де пайда болады. Оны белгілі режиссер Леонид Носырев «Веселая Карусель» анимациялық журналы үшін түсіріпті. Көрерменге ән саундтрек есебіне жол тартты.
«Маған Антошка туралы ән бірден ұнады. Көңілді әуен, шымшыма сөздер. Бала бейнесі бірден көрінді. Менің ойымша Антошканың образы қызыл шашты, күн шуақты, еркін адам болуы керек деп шештім. Ол табиғат аясында күнбағыс астында отырады», деген екен Леонид Носырев өз естеліктерінің бірінде.
Сондай өлмейтін әндердің бірі – «Чунга-Чанга». Бұл ән Инесса Ковалевскаяның «Катерок» мультфильмінде айтылады. Туындының авторы сол баяғы Юрий Энтин мен Владимир Шаинский. Жалпы, бұл екі өнер адамының балалар шығармашылығында алатын орны ерек. Оны көсіле жазуға да, таң соза айтуға да болады. Осындай ұлы композицияларды өмірге әкелген екеудің еңбегін әлем халықтары әлі күнге биік тұтады.
«Чунга-Чанга» мен «Антошка» бір күнде жазылған. Тағы да сол үстел үстінде. Басында олар мультфильмдегі «ғажайып аралдың» атауын ойлап таба алмайды. Тілге жеңіл, балаларға қызықты, айтуға оңай әрі креативті болғанын қалайды. Юрийдің өзі ұсынған нұсқалардың ешбірі көңілінен шықпаған. Кенет қаламгер қабырғадағы «мәнерлеп сырғанау» спортының афишасын көріп қалады. Онда режиссер Евгений Чангидің аты-жөні көрсетілген екен. Ақынның көзі бірден кеш режиссерінің ерекше фамилиясына түседі. Лезде Чангиді «Чунга» деген жалған сөзбен алмастырып, оған қосымша ұйқастырып «Чанга» деген тіркесті тіркейді. Міне осылайша «Чунга-Чанга» деген ешқандай мағына бермейтін қызық та біртүрлі қос сөз пайда болады. Бұл атау әнді тіпті әрлендіріп жібереді.
Кеңес Одағына «Чунга-Чанга» әні танымал өнер жұлдыздары Анатолий Горохов пен Аида Ведичеваның орындауында жетті. Авторлар о баста бұл жұмысты табысты болады деп ойламады. Музыканың мотиві мен рифмдері балалар үшін тым күрделі болып көрінді. Әйтсе де жеңіл әуен мен құрама сөздің нәтижесінде аталған туынды бүкіл Кеңес Одағының балаларының есінде қалды. Тіпті, біздің өзіміз күні бүгінге дейін ести қалсақ билегіміз келіп тұрады.
Иә, сол дәуірде жанымызды әлдилеген бір әуен болса, осы «Антошка» мен «Чунга-Чанга» шығар. Қазақ баласының еркін өмірдің не екенін көрсеткен, қиялына шекара қоймаған, арманын асқақтатқан туындылар не деген даңқты еді дейсіз. Даңқты болатыны да бар, себебі сол алаңсыз балдәурен шақтың балабақшасындай жылы да шуақты көрінеді.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Бүгін, 21:15
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Бүгін, 21:12
Елорда • Бүгін, 21:08
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Бүгін, 21:06
Әлем • Бүгін, 21:03
Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту
Сұхбат • Бүгін, 20:59
Қоғам • Бүгін, 20:58
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Бүгін, 20:56
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Бүгін, 20:46
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:43
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Бүгін, 20:42
Әдебиет • Бүгін, 20:39
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Экология • Бүгін, 20:35
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Бүгін, 20:33
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Бүгін, 20:32
Өнер • Бүгін, 20:31
Өнер • Бүгін, 20:30
Спорт • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:28
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Абай • Бүгін, 20:26
Таным • Бүгін, 20:25
Өнер • Бүгін, 20:23
Мысырда шіркеу өртеніп, 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 19:55
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Ұқсас жаңалықтар