Коронавирус • 19 Қазан, 2021

Атырау облысы «сары» аймаққа өтті

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы «сары» аймаққа өтті

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Алматы, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.