Осылайша 160 мың азамат тұмауға қарсы екпе алды.
Еске сала кетсек, елордада тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйектен басталып, бір айға созылған болатын.
«Тұмауға қарсы вакцинацияның арқасында бізде халықтың осал топтары арасында қалыптасқан иммунитет бар. Бұл санатқа балалар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелер (балалар үйі, мектеп интернаттары, балалар/мүгедектер интернаттары), қарттар және мүгедектер үйлеріндегі адамдар жатады. Біз вакцинаның 160 мың дозасын азаматтарды вакцинациямен қамту үшін қолдандық», дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының БМСК бөлімінің басшысы Айнұр Төлеуова.
Вакцинация айының қорытындысы бойынша 28 мыңнан астам бала, 6 мыңнан астам жүкті әйел, медицина қызметкерлерінің 100%-ы тұмауға қарсы екпе алды. Бұл санаттағы адамдар тегін егілді.