Медицина • 19 Қазан, 2021

Оңайлықпен ем қонбайды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдің эпидемиялық ахуалы жақсарып, індет жұқ­тырғандар саны едәуір азайғанымен, дәрігерлер соңғы уақытта инфекциялық орталыққа келіп түскен нау­қастардың дертіне көпке дейін ем дарымай жатқанын айтып отыр.

Оңайлықпен ем қонбайды

Қостанай облыстық ауруха­насының бас дәрігері Юрий Моисеев қазір инфекциялық бөлімдердегі 180 науқастың 70 пайызы ауыр және орташа ауыр халде жатқанын жеткізді.

– Олардың бәрі оттегі терапиясын алуда. Қазір жансақ­тау бөлімінде 20 шақты нау­қас жатыр. Соңғы кездері Covid-19 созылмалы сипатқа ие болып барады. Ауруханаға түс­кен науқастардың бір айдан кейін ғана беті бері қарай бастайды. Айығып шыққан соң, дерті қайта асқынып, қайтадан ауруханаға түсіп жатқандар көп. Госпитальда жатқандардың 90%-ы – вакцина қабылдамағандар. Вакцина қабылдағандар бірен-саран ғана, – деді Ю.Моисеев.

Бас дәрігер инфекциялық стационарда жатқан науқас­тардың дені 50 жастан асқан адамдар екенін, бұл жаста індет жұтыру қаупі жоғары болатынын, сондықтан елуді еңсергендер ең бірінші кезекте індетке қарсы екпе алу керектігін қадап айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде инфекциялық стацио­нарларға қойылған 1 665 тө­сектік орынның 1 035-і бос тұр. Ін­дет жұқтырған 417 баланы дәрі­герлер амбулаториялық бақылауға алған. Қазір облыс­та Тобыл қаласындағы тубер­кулезге қарсы диспансер мен облыстық психикалық орта­лық­тан өзге емдеу мекеме­ле­рі­нің бәрі қалыпты тәртіпте жұ­мыс істеп жатыр.