Аймақтар • 19 Қазан, 2021

Суретшілер үйі ашылды

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Төле би ауданында халық­ара­­­лық деңгейде та­ныл­ған суретшілер көп. Ел Тә­­уел­сіздігінің 30 жыл­дық мерекесі аясында Ақ­құм ауы­лында «Сурет­ші­лер үйі» ашылды. Өнер ор­та­лығының ашылуына осы өлкенің тумасы, Қа­зақ­стан Суретшілер ода­­ғының мүшесі Құт­ты­бек Жа­қыпов мұрындық болды.

Суретшілер үйі ашылды

«Суретшілер үйінің» ашылу салтанатына аудан әкімі Төлеген Телғараев, ауданның құрметті аза­маты, мәдениет жанашыры Күлия Айдарбекова, Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұ­баниязов қатысып, жиналған қауымға жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сондай-ақ мәдениет үйінде еліміздің өңірлерінен және шетелдерден келген өнер иелеріне Құттыбек Тыныбекұлының туындылары таныстырылып, өнер иесінің «Төлеби – Ұлы дала ме­ке­нім» атты шығармашылық кеші өтті. «Ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тұрмыс тіршілігін бейнелі әрі көр­кем түсіндіретін халықаралық деңгейде ұйымдастырылып жат­қан «Төлеби – Ұлы дала ме­кенім» атты суретшілер плэнеріне көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеті мен Нұр-Сұлтан, Алма­ты қалаларынан халықаралық дәрежедегі сурет шеберлері келіп отыр. Плэнермен бірге жас сурет­шілердің шығармашылығына сер­пін беретін облыстық «Бір өлке – бір сурет!» атты жас суретшілер симпозиумының өтуі де көп жайтты аңғартады», дейді аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы.