Әлем • 19 Қазан, 2021

Қылмыскердің ұлтын көрсеткен БАҚ жазалануы мүмкін

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дағыстанның ұлттық саясат және дін істері министрі Энрик Муслимовтің айтуынша, өз материалында қылмыскердің ұлтын көрсеткен ақпарат құралы заң алдында жауап беруі тиіс. Министрдің мұндай ойға келуіне Мәскеу метросындағы оқиға себеп болған, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыскердің ұлтын көрсеткен БАҚ  жазалануы мүмкін

Бұған дейін ақпарат құралдарында Мәскеу метросында Солтүстік Кавказ республикасында туып-өскен үш адамның жас жігітті соққыға жыққаны туралы жазылған болатын. Муслимов нақты бір адамдар жасаған қылмыс үшін тұтас ұлтты атаудың дұрыс еместігін алға тартады.

«Қылмысты қандай да бір өңірдің бір ұлт өкілі жасады деу дұрыс емес. Кез келген заңға қайшы әрекетке барған адам қылмыскер, ал қылмыскердің ұлты болмайды», дейді Энрик Муслимов.