14 Ақпан, 2014

Бірқатар заңнама нормалары жеңілдетілмек

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның он бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырыста бизнестің дамуы­на кедергі келтіретін норма­лар­ды жою тұрғысында заңнама­лар­­ға ревизия жасау мәселелері қа­ралды. Мемлекет басшысы «Қа­зақ­стан жолы – 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қа­­зақстан халқына Жолдауында осын­дай тапсырма берген болатын. Комиссия отырысының қорытындысында 43 заңна­ма­лық нормаларды жою және қарапайымдандыру туралы ше­шім қабылданды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске рұқсаттар беру мерзімін бұрмалағаны және оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін белгілейтін түзету қарастырылуда. Жер кодексінде елді мекендер шеңберінде құрылыс салуға жер телімдерін алу процедурасы жеңілдетіледі, «бір терезе» қағидаты енгізіледі, құжаттарды беру мерзімі қысқарады. Оның сыртында Салық кодексінде алкогольді өнімдер және ЖЖМ сату саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді бақылау-кассалық машина орнатуға міндеттейтін мерзім 2014 жылдың 1 шілдесінен 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылатын болды.