Елорда • 19 Қазан, 2021

Елорда тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері ірі көлемдегі есірткі жеткізу арнасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Автокөлікті тінту барысында артқы орындықта есірткі заттары бар полиэтилен пакет табылған. Polisia.kz сайтының мәліметінше, пакетте шамамен бір жарым килограмм синтетикалық мефедрон және шамамен бір килограмм гашиш есірткі заттары болған.

Күдікті есірткі заттарын өткізу кезінде ұсталды. Ол елдің басқа аймақтарынан елордаға есірткі заттарын жеткізумен айналысқан. Күдікті есірткі тасымалдаудың тармақталған жасырын схемасын жасап, синтетикалық заттарды саудалаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.