Оқиға • 19 Қазан, 2021

Ұрланған 28 көлік табылды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-17 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында көлік ұрлауға қарсы әрекет ету мақсатымен «Автомобиль» жедел-алдын алу шарасы жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұрланған 28 көлік табылды

Шара барысында астана полицейлері 2021 жылы шығарылған «Lexus LX 450D» автокөлігін анықтады. Аталған көлік осы жылдың наурызында айдап әкетіліп, Ресейдің Астрахан облысының аумағында іздеу жарияланған.

Қазіргі кезде көлік коммуналдық тұраққа қойылды, соталды тергеу жүріп жатыр. Жедел-алдын алу шарасы барысында автокөлік ұрлағаны үшін жеті азамат қылмыстық жауапқа тартылып, алты күдікті қамауға алынды, ұрланған 28 автокөлік анықталды.

Автокөлікті айдап кетудің жеті фактісі анықталған, олардың алтауы бұдан бұрын жасалған. Бір аптаның ішінде полиция қызметкерлері 250-ден астам гараж кооперативін, жеке меншік автошеберхананы, техникалық қызмет көрсету станциясын, автотұрақты, 300-ден астам автокөлікті бөлшектеу мен оларды сату пунктін тексеріп шықты.