Коронавирус • 19 Қазан, 2021

Атырауда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында 97 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірдегі инфекциялық стационарларда 212 науқас емделіп жатыр.

«Инфекциялық стационарлардағы науқастардың арасында 4 бала мен 5 жүкті әйел бар. Ал, үй жағдайында ем-дом қабылдау үшін 93 бала мен 7 жүкті ана оқшауланған. Жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 15 науқас жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.