Еліміздегі валюта бағамына қатысты өзгерістер ешкімді бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Алғашқы екі-үш күнде әрқилы пікір бой көрсетіп жатса, оған да таңғалудың қажеті жоқ. Өйткені, адамдар қоғам тынысынан шет қала алмайды. Біз әлемдік үрдіспен қатар қадам басатын елдің азаматтарымыз. Сондықтан, мұндай үрдіс бұрын да болғанын, одан сүрінбей өткенімізді есте ұстау керек.
Әрине, дәл қазіргі тұста бәрі биліктің икемділігі мен ілкімді қызметіне байланысты екендігін айтқым келеді. Билік бәрімізге тиімді, батыл қадамдар жасап жатыр. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдері мен отандық тауарлар бағасы қымбаттамайды. Қазақстан фермерлері одағының мәжілісінде, өзім басқаратын Қазақстанның ет-сүт одағының жиналысында осы мәселелер нақты дәлелдермен сипатталды. Үкімет құрған жұмыс топтары белсенділік танытуда. Оны БАҚ материалдарынан, теледидар хабарларынан көріп отырмыз.
Импортталатын тауар құны өскенімен, отандық өнім бағасы қымбаттамайды. Керісінше, олардың бәсекеге қабілеттілігі артады. Мәселен, елімізде тұтынылатын құрғақ сүт өнімдері негізінен Беларусь елінен жеткізілетін. Олардың бағасы жергілікті табиғи сүттен төмен болғандықтан, тасымалданатын өнімге сұраныс жоғары еді. Енді баға теңесетіндіктен, халық табиғи өнімге басымдық береді деп есептеймін. Жалпы, доллар бағамының көтерілуі ішкі нарық үшін тиімді. Сондықтан, елдегі инфляция біздің баға саясатымызға әсер етпейді. Демек, жергілікті тауар өндірушілер үшін ешқандай алаңдаушылық болмауға тиісті. Қайта олар экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға құлшыныс танытатыны анық. Оның үстіне, еліміз астық экспорты бойынша әлемде бірінші орын алатындықтан, бағам өзгерісі біз үшін қолайлы деп есептеймін.
Өзіміздің шаруашылыққа келсек, өндірісті әртараптандыруға еселенген екпін түсіретін боламыз. Оның тиімділігі мынадан көрінеді. Соңғы үш жыл қатарынан жыл сайын 2,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, әр жұмысшыға шаққанда еңбек өнімділігі 35 мың доллардан айналды. Жалпы, өнімнің 35 пайызы мал шаруашылығының үлесінде болғандықтан, шикізат қоры мен өзіндік құн есебінен өнімді арзандату тетіктерін ұстап тұрмыз. Ол ішкі және сыртқы рынокқа бірдей қатысты болмақ. Бұрынғысынша, орталықтан жылытылатын үйлерде тұратын родиналықтар су мен жылу құнының 40 пайызын, азық-түлік өнімдерінің 20 пайызын ғана төлеп, нанды 25 теңгеден сатып алады. Мұндай жеңілдік ауылдағы 230 зейнеткер мен 117 бюджеттік сала қызметкерлеріне бірдей жағдайда қарастырылған.
Иван САУЭР,
Қазақстанның Еңбек Ері,
«Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры.
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы.

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Қоғам • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:33
Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 10:25
«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді
Қоғам • Бүгін, 10:11
Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42