Аймақтар • 19 Қазан, 2021

Павлодарда тағы да құс тұмауы тіркелді

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бір апта бұрын Тереңкөл ауданындағы Березовка ауылында 42 үй құсының қырылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда тағы да құс тұмауы тіркелді

Олардан алынған сынамадан жоғары потогенді құс тұмауы анықталған. Осыған орай үй ауласы карантинге жабылып 250 құс жойылды. Жуырда дәл осындай жағдай облыс орталығына жақын орналасқан Павлодар ауылында тіркелді. Мамандар қауіпті індет суда жүзетін жабайы құстардан жұғуы мүмкін деп  отыр.

Айта кетейік, үй құстары тұмауға қарсы егілген. Өткен жылы Павлодар облысына вакцинаның 500 мың дозасы бөлінген болатын. Ал құстардың ауруға шалдыққаны әзірге түсініксіз жайт. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады. Бүгінгі таңда жалпы саны 344 құс жойылды. Өтемақы мәселесі жеке комиссия отырысынан кейін шешіледі.

«Қауіп бар. Себебі жыл құстары толық ұшып кеткен жоқ. Осыған байланысты біз тұрғындарға қолдарындағы құстарын далаға шығармауға кеңес береміз. Өйткені жабайы құстардың арасында тұмау қоздырғыштарын тасымалдаушылар кездесуі мүмкін», деді ветеринария басқармасының эпизотиялық шараларға қарсы бөлім басшысының м.а. Ғалым Бейсенов.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43