14 Ақпан, 2014

Кәсіпкерлер мүмкіндікті құр жібермеуі тиіс

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
– Валютаның бағамына өзгеріс енгізу туралы шешім менің ойымша, елдің экономикасына оң ықпал етеді. Бірінші кезекте тауар өндіруші, оның ішінде шығарған тауар­ларын сыртқа тасымалдайтын кәсіпкерлердің айы оңынан туады деп сенемін. Бұл кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға жасалып отырған үлкен қолдау. Ал кәсіпкерлік пен кәсіпорындарыңыз экономиканың күретамыры емес пе? «Ордабасы Құс» ЖШС түйетауық етін еуропалық стандарттарға сай өндіретін кәсіпорын. Шығарған тауарларымызды алыс, жақын шетелдерге жібереміз. Осы уақытқа дейін ішкі нарықта ресейлік, белоруссиялық құс өнімдері басып кеткен болатын. Мына жағдайдан кейін олар енді ішкі нарықтағы бәсекеге шыдас бермейді. Жергілікті өнімдердің күш-қуаты арта түседі. Рас, біз долларға қатысты өзгерістен кейін жергілікті жерден шығатын өнімдердің бағасының қымбаттамауын қатаң қадағалауымыз керек. Елбасы бұл жөнінде жақсы айтты. «Экономикамыздың игілігіне қызмет етуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған жөн» деді.  Ал кәсіпкерлер үкіметтің берген мүмкіндігін құр жібермей пайдаланып қалғаны жөн. Егер елдегі кәсіпорындардың  мүмкіндігі жақсарып, тыныстары кеңейіп жатса, бұдан бәрі ұтады. Бұл дегеніңіз қаншама жұмыс орны, елдің әл-ауқаты. Сондықтан, қабылданған шешім дұрыс және ол бүгінгі күннің талабына жауап­ берді деп есептеймін. Мұрат ТАҒАЕВ, «Ордабасы Құс» ЖШС-нің бас директоры.