Әлем • 19 Қазан, 2021

Ердоған БҰҰ-ны реформалау қажет деп мәлімдеді

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың реформалары бірқатар елдердің құқықтары мен мүдделерін ескермейді, деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған TRT World Forum 2021 форумында, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ердоған БҰҰ-ны реформалау қажет деп мәлімдеді

Бұған дейін Ердоған жаһандық мәселелерді шешу кезінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерін ғана емес, барлық мемлекеттердің пікірін ескеру қажет, деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, «адамзаттың болашағы Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен бірнеше елдің мейіріміне ие бола алмайды және болмауы керек».

«Ислам әлемінің, Африка, Латын Америкасы және Оңтүстік Азия елдерінің мүдделері еленбейтін қазіргі жүйе үмітсіз. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан ол қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап бермейді, бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ете алмайды, жаңа дағдарыстар туғызуға мәжбүр болады», деді Ердоған.

Оның пікірінше, коронавирустық пандемия дамыған мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесінің осалдығын көрсетті.