Қазақстан • 19 Қазан, 2021

Солтүстік Қазақстанда он сүт кешені ашылады

558 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында тоғыз айдың ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда он сүт кешені ашылады

Экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижановтың есебіне қарағанда, экономиканың негізгі салалары бойынша көрсеткіштердің өсуі байқалады. Ерекшелік - аймақтағы демография.

Облыстың басты саласы - ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару 833,9 млрд теңгені құрады. Ет өндірісі 2,1%-ға, сүт өндірісі 6,1%-ға өсті. Қызылжар ауданынан басқа барлық аудандарда жұмыртқа өндірісі артып келеді, мұнда төмендеу 43%-ды құрады. Мамлют ауданында – 0,2% деңгейінде шамалы төмендеу.

«Ауа-райының қиындықтарына қарамастан, үрдісті өткен жылдың деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік туды. Жекелеген аудандар қарқынын бәсеңдетті. Әкімдер мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін жағдайды талдап, қорытынды жасауы тиіс. Жаңа сүт кешендерінің жақсы жұмысын атап өткім келеді: үш ферма алты мың тоннадан астам сүт өндірді. 16 ферманың құрылысы жүріп жатыр. Оның 10-ын биыл тапсырамыз. Мұндай фермалар көп болуы керек. Осы қызмет түрімен айналысқысы келетін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін қолдау тетіктері бар. Аудан әкімдері осы жобаларды іске асыру үшін кімге қаржылай көмек керек екенін білуі керек. Бұл ет өндірісіне де қатысты», деді Қ.Ақсақалов.

Облыс әкімдігінің есептері бойынша, өнеркәсіп саласында өсім 6,7%-ды құрады. Әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін машина жасау кәсіпорындарының тапсырыс қоржыны 51 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Жыл басынан бері инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға көп тартылды.

«Көрсеткіштер сандық емес, сапалы болуы керек. Барлығы өңір тұрғындарының игілігі үшін жасалуы тиіс», деді Қ.Ақсақалов.