Саясат • 20 Қазан, 2021

Кеңеске мүшелікке сайланды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы барысында Қазақстан 2022-2024 жылдарға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Кеңеске мүшелікке сайланды

Қазақстанның Кеңестегі жұмысының басым бағыттары гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, өлім жазасын жаппай жою, төз­беушіліктің барлық нысандары­на қарсы күрес, дін мен сенім бостандығы, инклюзивті және жал­пыға бірдей білім беруді қам­тамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы жағ­дай­ында адам құқықтарын құр­меттеу болады.

Еліміздің дүниежүзілік ұйымның бас құқық қорғау органына сайлануы оның Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халық­аралық нор­малар мен стандарт­тарды ілге­рілету процесіне бел­сенді және жауапты қатысушы ретін­дегі рөлін мойындау.

Қазақстанмен бірге БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына АҚШ, Люк­сембург, Финляндия, Литва, Черногория, Аргентина, Гон­дурас, Парагвай, Бенин, Камерун, Эритрея, Гам­бия, Сомали, Үн­дістан, Малай­зия, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктері кірді. Бұған дейін еліміз Адам құ­қық­тары жөніндегі кеңеске 2013-2015 жылдары сайланған болатын.

Адам құқықтары жөніндегі кеңес – БҰҰ жүйесінің үкімет­аралық органы, оның құрамына әлемдегі адам құқықтарын кө­тер­мелеуге және қорғауға жа­уапты 47 мемлекет кіреді. Кеңес құзыретіне оның назарын талап ететін адам құқықтары сала­сындағы барлық тақырыптық мә­селелер мен жағдайларды тал­қылау кіреді. Кеңес мүшелері бес өңір­лік топтан сайланады жә­не өз міндеттерін үш жыл бо­йы ат­қарады. Адам құқықтары жө­нін­дегі кеңестің отырыста­ры БҰҰ-ның Женевадағы бө­лімшесінде өтеді.