Өнер • 20 Қазан, 2021

Мәдени достықты дәріптеді

254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан мен Индонезияның балалар мен жас­өспірімдер арасындағы «Менің елімнің мәдени мұрасы» атты халық­аралық байқауын қорытындылаған көрмесі өтті. Мазмұнды іс-шараны Елбасы кітапханасы, Қазақстанның Индо­незия Республикасындағы елшілігі, Индонезия Респуб­лика­сының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды.

Мәдени достықты дәріптеді

Жобаның негізгі мақсаты – бала­ларды Қазақстан мен Индо­незияның мәдениеті мен шығар­машылығымен таныстыру, сон­дай-ақ олардың жеке әрі шығар­машылық әлеуетін ашуға жағдай жасау. Байқау қорытындысы бо­йынша 60 үздік жұмыс ірікте­ліп, көрмеге қойылды.

Көрменің ашылуында Ел­ба­сы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат қатысу­шыларды байқаудың маңызы тура айта келіп: «Бұл іс-шара Қа­зақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл­­дығы мен Индонезия Тәуел­сіз­­дігінің 76 жылдығына арнал­ды. Қос елдің балалар мен жас­өспірімдер жұмыстарының көр­месі екі мемлекет арасындағы мә­де­ни ынтымақтастық пен құнды­лықты, достық қарым-қатынас­ты көрсетеді. Байқауға қатысқан қос елдің талантты жас буынын құттықтай отырып, оларға жа­ңа шығармашылық табыстар тілей­мін!» деп ізгі лебізін білдірді.

Одан кейін Қазақстанның Индо­незия Республикасындағы елшісі Данияр Сарекенов бейне – жолдау жолдап, Қазақстан мен Индонезияның ортақ тұстары көп екендігіне тоқталды. «Біздің елдеріміз – азаттық алған жылдар ішінде қоғамдық және этно­с­аралық келісімді сақтап, нығайта алған көпұлтты мемлекеттер. Жас буынның жұмыстарынан осы құндылықты аңғаруға болады. Байқауға қатысқан жастар барын салды, олардың бұл еңбектері жоғары бағаға лайық» десе, Индо­незия Республикасының Қазақ­стандағы экс-елшісі Рах­мат Прамоно балалар өз шығарма­шы­­лығы арқылы Отанға, бей­біт­шілік пен достыққа деген сүйіс­пеншілікті дәріптейтін әлемнің елшілері екенін атап өтті.

Индонезиялық қатысушылар мен жеңімпаздар, сондай-ақ Индо­незияның Джакартадағы Ұлт­тық кітапханасы іс-шараға Zoom бейнебайланыс арқылы онлайн қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан мен Индо­незияның балалар мен жас­өспірімдер арасындағы «Менің елімнің мәдени мұрасы» атты ха­лық­аралық конкурс маусым айын­да жарияланған. Екі ел­дің 400-ге жуық балала­ры мен жасөспірімдері өз жұмыс­тарын Қазақстанның немесе Индонезияның дәстүрлері; Қазақстанның немесе Индоне­зияның аңыздары, фолькло­ры; Қазақстанның және Индо­не­зия­ның көрікті жерлері, Қазақ­стан мен Индонезия арасында­ғы достық пен Қазақстан немесе Индонезияда тәуелсіздік күнін қа­лай атап өтемін тақырыптары аясында жолдаған.

Көрме аяқталғаннан кейін ба­лалардың туындылары 2021 жыл­­дың желтоқсан айында Индо­незияның Джакарта қаласындағы Ұлттық кітапханасында көпшілік назарына ұсынылады.

Іс-шара соңында аталған бай­қаудың біздің елімізден топ жар­ған жүлдегерлері марапатталды.