Қазақстан • 20 Қазан, 2021

Пікірсайыс жеңімпаздары анықталды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғам­дық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыс әкімінің кубогы үшін «Түркістан – көшбасшылар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыс жеңімпаздары анықталды

Турнир шымылдығын ашқан об­лыс­­тық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев жастардың бір­лік, ынтымағын нығайтуға бағыттал­ған іс-шараның табысты боларына сенім білдіріп, жастарға сәттілік тіледі. Екі күнге созылған турнирге Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қа­лаларынан 19 жоғары оқу орны мен орта арнаулы оқу орындарынан 64 студент қатысты. Ойындар америкалық – парламенттік және Линкольн–Дуглас форматтарында өтті. Тартысты өткен сөз жарысы қорытындысы бойынша «Мұх­­тар Мағауин» фракциясы мен Абай атын­­дағы Қазақ ұлттық педа­гоги­­ка­лық уни­верситетінің (Алматы) аты­нан шыққан Өркен Мұхаметали­ұлы, Айым Нұр­сапа жеңімпаз атанса, «Қожа Ахмет Ясауи» фракциясы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­­стан университетінің (Шымкент) студенттері Ақан Бесбаев, Ерасыл Анарханұлы ІІ орынды иеленді. «Құдай­берген Жұбанов» фракциясы мен Қ.Жұ­банов атындағы Ақтөбе өңірлік уни­верситетінің студенттері Бітімбай Ислам­­бек, Толқын Шамитова ІІІ орын алды. Со­ны­мен қатар пікірсайыс дода­сы­на қаты­сушылар мен белсенді ұйым­­дастырушылар да «Үздік гид», «Үз­дік делегация», «Жас талпыныс», «Үз­дік пост», «Үздік төреші», «Үздік спикер», «Үздік талпыныс» аталымдарымен марапатталды.

Турнир барысында қатысушылар үшін Түркістан қаласына саяхат ұйым­дастырылды. Сондай-ақ жас пікір­сайыс­шылар аймақты көгалдандыруға бағыт­талған «Гүлденген Түркістан» эко-акция­сына үлес қосып, Жеңіс саябағына тал екті.