Төртінші күн Өскемен, Семей, Риддер қалаларын қалың тұман басып тұр. Қол созым жер көрінбейді. Тұманды күндерді пайдаланып, зауыттардың түтіні ауаға зиянды қалдықтарды мөлшерден тыс шығарып жатқан жоқ па? Бұл – көптің көңіліндегі сұрақ.

«Қазгидромет» РМК филиалының ақпараты бойынша, 14 қазаннан бастап, аталған үш қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланған. Тұманды күндері экология департаментінің мамандары атмосферадағы зиянды қалдықтардың мөлшерін үнемі өлшеп, назарда ұстап отыр.
– Қолайсыз метеорологиялық жағдай бастала сала Казцинктің ауласына, жеке тұрғын үйлердің маңына барып, ауа құрамын өлшедік. Байқағанымыздай, құрылғы СО2 оксиді нормадан көп екенін көрсетті. Негізі, мұндай жағдайда зауыттар өндіріс қуатын 20-40 пайызға дейін азайтуы керек, – дейді облыстық экология департаментінің маманы Ольга Ельчинская.
Ал облыстың бас экологы Рауан Тұраровтың кезекті рейд кезінде айтқан сөзіне сенсек, Өскемендегі зауыттар қолайсыз метеорологиялық жағдай күндері қуатын азайтқан. Алайда қала тұрғындары тамақтарын қырып, ауырып жүргенін айтады.
– Қаланың ауасы ластанып кеткен. Тұманды күндері зауыттар қарқынын күшейтетін шығар. Ол кезде бұлтпен араласқан түтінді байқамаймыз ғой. Содан тамағымыз ашып ауырады. Бірақ үйреніп кеттік, – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Арай Серікқызы.
Иә, будақтаған түтінге, ауаның ластығына ет үйренісіп кеткелі қашан?! Десе де, қолайсыз күн райында зауыттың өнімділік қарқыны азая ма деп Казцинк басшылығынан сұрап едік, ресми сауал жіберуімізді өтінді. Жібергенімізбен, Өскемен экологиялық лас қалалардың бірі екені даусыз. Ал бірнеше күнге созылған мұндай қалың тұман соңғы 10 жылда болмаған.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар