Оқиға • 20 Қазан, 2021

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 20 қазан күні cағат 07:04-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 58 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

«Энергетикалық класы – 9.3. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты - 42.92° с.е. 77.52° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер жоқ», делінген кезекші оператордың хабарламасында.