14 Ақпан, 2014

Тасымалдау көлемі артады

325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеден органдарының ел эко­но­микасын өркендетуге қосар үлесі қомақты екендігі айтпаса да түсінікті. Әсіресе, кеден ор­ган­дарындағы өткізу пункттерінің кедендік ресімдеу қызметтерінің сапалылығы мен жеделдігі айрықша маңыз атқарады. Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баев биылғы жылғы халыққа арнаған Жолдауында: «Ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр», – деп атап өтті. Осыған орай, елімізде кедендік қыз­метті пайдалану бойынша келе­лі істерді іске асыру басталып та кетті. Мәселен, Қазақстан-Қытай ше­ка­ра­сындағы «Бақты» (Қазақ­стан Республикасы, Шы­ғыс Қазақстан облысы) және «По­киту» (Қытай Халық Респуб­ли­касы)  өткізу пункттері іске қо­сылған сәттен бастап  (2013 жылы 23 желтоқсаннан) 7 млн. 238 мың АҚШ доллары сомасындағы жалпы салмағы 6,9 мың тонна көкөніс және жеміс-жидек өтті. Жобаның мақсаты – Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға келетін жеміс-жидек өнімдерінің жылдам өтуін және кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету. Кеден органдары өткізу пункт­терінде кедендік ресімдеу уа­қы­тын қысқарту бойынша бар­лық қажетті шараларды қа­был­дауда, бұл шекарада кезек­тің болмауына және сырт­қы экономикалық қызметке қаты­су­шыларға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Қазіргі уақытта «Бақты» өт­кі­зу пунктінде  кедендік опера­ция­ны жүргізудің орташа уақы­ты 51,6 минутты құрайды. Бұл – Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стра­те­гиялық жоспарына сәйкес өткі­зу пункттерінде 2014 жылда кедендік операцияларды жүргізу кестеге сай болады деген сөз. ҚХР-дан «Бақты» өткізу пунк­ті арқылы өткізілетін өнімдердің негізгі көлемін мандарин (27%), томат (18%), алма (13,7%), қияр (12,5%) және бұрыш (4,6%) құ­райды. Аталған жоба 2012 жыл­ғы қыркүйекте екі ел – премьер-министрлерінің уағдаластығымен іске қосылды. Жобаны егжей-тегжейлі іске асыру жайын 2013 жылғы желтоқсанның басында Пекин қаласына Қазақстан деле­гациясы ресми сапарының шең­берінде  екі ел кеден қызметінің бас­шылары талқылап, ортақ келі­сімге келді. Жеміс-жидек өнімдерін жыл­дам өткізуді енгізу өткізу пунк­т­терінде олардың үлкен көлем­де өткізілуін ескере оты­рып жүргізілді, алайда, ке­ден қызметінде жеміс-жи­дек өнімдерін бақылаусыз өткі­зу­ге жол берілмейді. Бұған қолда­ныс­тағы заңнамада қарастырылған ке­дендік ресімдеу және бақылау рәсімдері қолданылады. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».